Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2580 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 11:58

Халыққа оқ атқызған президент сотталды

Қырғыздың экс-президентi Құрманбек Бакиев сырт­тай 24 жылға, оның iнiсi мемлекеттiк күзет қызметiнiң бұрынғы басшысы Жаныш Бакиев өмiр бойғы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Бiшкек гарнизонындағы жоғарғы соттың баспасөз қызметi хабарлады.

Естерiңiзде болса, Қырғызстанда 2010 жылдың сәуiр айында жаппай көтерiлiс болып, ел президентi Құрманбек Бакиев билiктен қуыл­ған едi. Сөйтiп, Бакиевтiң отбасылық-кландық билiгi құлап, демократиялық қадамдарға жол ашылды. Нәтижесiнде наразы халық уақытша үкiмет жасақтады. Елдiң Ата заңына өзгерiстер енгiзiлiп, пар­ламенттiк басқару жүйесi орнады. Бiрақ бұл жолда 87 адамның қаны төгiлдi.

Даудың басы қырғыз елiндегi жең ұшынан жалғасып жайлап кеткен жемқорлықтан басталды. Тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарының қудалануынан туындады. Қырғыз елi Құрманбек Бакиевтiң отбасы негiзгi үкiметтiк қызмет­тердi иеленiп, халықты қанап отырғанын ашық айтты. Оппозиция жетекшiлерiнiң шетiнен қамалуы да жаппай наразылыққа негiз болды. Оның үстiне, әлеуметтiң әлеуетi төмендеп, күнкөрiс деңгейi нашарлады. Халық арасында электр қуатының қымбаттағанына наразылық күшейiп кеттi. Не керек, Қыр­ғызстанның бiрнеше аймағында халық толқулары болып, елдiң ашуын туғызған отбасылық-кландық негiзде құрылған жүйенiң талқаны шықты.

Бұл төңкерiстiң басты әрi негiзгi себебi - Бiшкектегi Ақ үйдiң алдында жиналған жиырма мыңнан аса адамға Бакиевтiң арнайы бұйрығымен үкiмет әскерiнiң оқ атуы. Бұл бұйрық 87 адамның өмiрiн жалмады. Мұны естiген бей­бiт халық, әсiресе жастар Бiшкекке ағылып келе бастады. Жағдай шиеленiсiп, "Бакиев кетсiн!" деген қатаң талап қойылды. Сөйтiп, би­лiк басына Роза Отынбаева бастаған оппозиция келдi. Ал халқының қанын арқалап кеткен Бакиев Минскiнi паналады. Кейiннен оған "қызметiн асыра пайдаланды және шерушiлерге оқ атуға бұйрық бердi" деген айып тағылған едi. Ендi мiне, сот үкiмi шығып, экс-президенттi 24 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегi колонияда өтейтiнiн мәлiмдедi.

Салыстырмалы түрде алсақ, қазақ жерiнде де қырғыздың басына туған осындай әдiлетсiздiк орнап отыр. Айталық, отбасылық-кландық басқару жүйесi қазақ билiгiнде жоқ емес. Сыртқы қарыздың көлемi 135 миллиард долларға жеттi, ұлттық қордағы 10 миллиард доллар құрдымға кеттi, қос бүйiрден қымбатшылық қы­сып тұр, қасиеттi же­­рi­мiз шетелге жал­ға берiлуде, қа­зақ елiн тәуелдi ете­тiн Ке­дендi одаққа мүше етiп қойды, мемле­кеттi жемқорлық жай­лады тағысын-тағылар. Мұндай күр­меуi көп күрделi мә­се­лелер қырғыздың да басынан өткен.

Басты мәселе - Жаңаөзендегi өзiнiң заңды құқығын талап еткен еңбекшi халыққа қарсы билiк оқ атты. Сот үкiмi шықса да, дәл осы қанды қырғынның шындығы бүгiнгi күнге дейiн ашылған жоқ. Халыққа қарата оқ атуға кiм бұйрық бергенi әлi белгiсiз. Бiр анығы, Бакиев    сияқ­ты Назарбаев билiгiнiң тұсында да бейбiт елге қарата қару қолданылды. Өз билiгiн сақтап қалу үшiн өздерi басқарып отырған елдi қанға бөктiруге бұйрық еткен диктаторлар - Пол Пот, Чаушеску, Мүбәрак, Каддафи, Асад, Бакиев және басқа да саясат­керлердiң соңғы тағдыры қазақ мемлекетiнiң басшысы Н.Назарбаевты ойлантуы тиiс. Олардың ойыма келгендi iстеуiме болады, билiк қолымда, күш менде деуiнiң ақыры өздерi үшiн де қасiретке айналды. Халықты қорқытып қойдық, билiкке қар­сы көтерiлмейдi деп астамшылыққа барғандардың киетiн кебi бiр.

ДИКТАТОРЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚАСIРЕТПЕН АЯҚТАЛАДЫ

Билiк жүргiзудiң, оны сақтаудың қатыгез тәсiлiн қолданғандар, халқын қан қақсатқандар - Аугусто Пиночет, Пол Пот, Слободан Милошевич, Николае Чаушеску, Саддам Хуссейн, Хосни Мүбәрак, Муаммар Каддафи, Зин әл-Әбедин Бен Әли, Лоран Гбагбо, Башар Асад және тағы басқалар.

Дилара ИСА

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5378