Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2389 0 пікір 14 Ақпан, 2013 сағат 12:05

Мамытбековтiң мәлiмдемесiн Австрия билiгi жоққа шығарды

АДАМ ӨМIРIНЕ ҚАУIП ТӨНДIРЕТIН ШМАЛЛЕНБЕРГ АУРУЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАБЫЛУЫНА КIМ КIНӘЛI?

Сейсенбi күнi өткен үкiмет отырысынан кейiн ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков Солтүстiк Қазақстан облысындағы "Леонов" шаруа қожалығы мен "Полтавское" кәсiпорнындағы Австриядан әкелiнген 722 бас сиырдан вирустық диарея мен Шмалленберг ауруы табыл­ғанын растап, ақпарат бердi.

 

Асылжан Мамытбековтiң айтуынша, дәл осы iрi қаралардың сырқат екенiн Қазақстанның ветеринарлық қызметi карантин кезiнде анықтаған. Келiсiмшарт бойынша мал карантиннен шыққанша оларды жеткiзген компанияның меншiгi болып табылады. Сондықтан барлық шығын сол компанияның есебiнен өтеледi. Дәл қазiр барлық заңды талаптар мен шағымдар малды жет­кiзушi Венгрияның компаниясы мен Австрияның ветеринарлық қызметiне жiберiлдi.

АДАМ ӨМIРIНЕ ҚАУIП ТӨНДIРЕТIН ШМАЛЛЕНБЕРГ АУРУЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ТАБЫЛУЫНА КIМ КIНӘЛI?

Сейсенбi күнi өткен үкiмет отырысынан кейiн ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков Солтүстiк Қазақстан облысындағы "Леонов" шаруа қожалығы мен "Полтавское" кәсiпорнындағы Австриядан әкелiнген 722 бас сиырдан вирустық диарея мен Шмалленберг ауруы табыл­ғанын растап, ақпарат бердi.

 

Асылжан Мамытбековтiң айтуынша, дәл осы iрi қаралардың сырқат екенiн Қазақстанның ветеринарлық қызметi карантин кезiнде анықтаған. Келiсiмшарт бойынша мал карантиннен шыққанша оларды жеткiзген компанияның меншiгi болып табылады. Сондықтан барлық шығын сол компанияның есебiнен өтеледi. Дәл қазiр барлық заңды талаптар мен шағымдар малды жет­кiзушi Венгрияның компаниясы мен Австрияның ветеринарлық қызметiне жiберiлдi.

"Ақсақ қой түстен кейiн маңырайды", iндет табылған iрi қара­ларды қазақ жерiне кiргiзбестен бұрын неге отандық ветеринарлық қызмет бақылауға алмаған? Ендi бұл iндет тарап, елдегi төрт түлiкке жұғып, маңдайымыз тас­қа тимесiне қандай кепiлдiк бар? Министрдiң сөзiне қарағанда, бүгiнде аурудың тарап кетпеуi үшiн барлық iс-шаралар жасалып жатыр. Iрi қараларды экспорттау кезiнде Австрия жағы арнайы сертификат берген. Дегенмен, тиiстi сараптама жұмысы толық жүргiзiлмегенiн Австрия елi мо­йындап отыр. Ал ауру табылған малдармен бiрге төлдерi де өртелiп, көзi жойылатын болады.

Қазақстандағы Австрия ел­шiлiгiнiң хабарлауынша, Австрия билiгi Солтүстiк Қазақстан облысына әкелiнген iрi қара "бiзден кеткенде сау болды" деп, барлық айыптауларды жоққа шығаруда. "Австрия өз тұтынушыларының қауiпсiздiгi мен жануарларының денсаулығына ерекше ден қояды. Сондай-ақ, әлемнiң түк­п­iр-түкпiрiне мал экспорттайтын жоғары дамыған ауылшаруашылық секторын да мақтан тұтады. Ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, Австрия өз тарапынан бұған дейiнгi мәлiмдемелердi жоққа шығарады. Австриялық малды импорттау кезiнде Қазақстанның агроқауiпсiздiгiне нұқсан кел­тiрушiлер "Полтавское" және "Леонов" шаруашылықтары" деп бiлетiнiн" де мәлiмдеген. Сонымен қатар, Австрия тарабы экспорттау кезiнде сиырларға Шмалленберг диагнозы қойылмағанын, iрi қарадан вирус анықтал­ғаны үшiн Қазақстан билiгiнен кешiрiм сұрамағанын да атап өттi.

Сорақысы сол, мамандардың айтуынша, бүгiнде Шмалленберг дертiне қарсы екпе жоқ. Бұл дерттiң терiскейге қаншалықты тарап үлгергенi де беймәлiм. Ең қауiптiсi, мамандар дәл осы Шмалленберг iндетi адамға да жұғып, өмiрiне қауiп төндiруi мүм­кiн екенiн жоққа шығармайды.

Министр Мамытбеков бүгiн­де Австриядан басқа шетелдерден iрi қара тасымалына шектеу қойылмағанын жеткiздi. "2 жылдан берi шетелден әкелiнген асыл тұқымды iрi қараның саны 35 мыңға жеттi. Бiрақ нақ осындай ауру бiрiншi рет анықталып отыр. Бiр жерден ауру табылды, бiрақ бұл шетелден мал алып келу тоқтатылады деген сөз емес. Дәл қазiр Австриядан мал сатып алу тоқтатылғанымен, бас­қа елдерден алып келуге рұқсат бар", - дейдi министр.

Өкiнiштiсi сол, шетелден асыл тұқымды iрi қараны тасымалдау, оған қазынадан қыруар қаржы қарастыру мәселесiн талқылау кезiнде үкiмет отандық, мәселен, қазақтың еттi әрi сүттi ақбас немесе әулиекөл тұқымды сиырларына мұрын шүйiре қарады. Қазақтың бұрнағы тәжiрибесiне, мамандардың пiкiрiне үңiлмедi. Жақыннан дорбаламай, алыстан арбалады.   Ең болмағанда, бақы­лау, тексеру шаралары тәртiпке қойылмады. Нәтижесiнде небәрi 2 жылдың iшiнде төрт түлiк түгiлi, адам өмiрiне қауiптi дерттiң қазақ жерiнде табылғаны анықталды. Тырнақ астынан кiр iздеу емес, мұндай немқұрайдылыққа, шала тiрлiкке үкiмет кiнәлi емес пе? Оның үстiне Австрия билiгi Мамытбековтiң мәлiмдемесiн жоққа шығарды. Емi жоқ жұқпалы дерттiң бетiн аулақ қылсын, бiрақ, iндет онсыз да басы бiрiкпей жатқан төрт түлiкке, немесе адамдарға жұғып кетсе не iстемекпiз? Айтпақ­шы, журналис­тердiң сауалдарына жауап берген министр Мамытбеков Павлодар облысындағы жұт қолдан жасалғанын да атап өттi. Оның айтуынша, Павлодарда жұт екi шаруа қожалығында болып жатыр. Шаруалардың 535 мал қырылды деген мәлiмдемесi өтiрiк, бұрмалан­ған мәлiмет. Анығында онда бас-аяғы 250-ге жуық мал қырылған. Қалған өлген малдың тұяғы да, сүйегi де жоқ. Бұл жұттың басты себебi шаруашылықтардың қысқа дайындық жасамағандығы, қамданбағандығы. Сондықтан мұны жұт деп байбалам салуға әсте болмайды.

Дилара ИСА,

Астана

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377