Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3168 0 пікір 15 Ақпан, 2013 сағат 07:23

Елеужан Серімов. Далалық данагөй

Ұра­ны ал­аш, керегесi ағаш, қарға тамырлы, киiз туырлықты ата-бабаларымыз­дың ба­­сынан өткерген тарихының кей дәуiр-кезеңдерiнiң назардан тыс қал­ған қа­л­­тарыста­ры­на жiтiрек ден қоя үңiлсек, тауы да, тасы да, сонау есте жоқ ескi ке­зеңдердегi ғасырлар қойнауынан, әлiмсақтан сыр тартқандай сөйлеп қоя бе­ретiн шежiресi тұнған халықпыз. Дегенмен осы күнге дейiн оның көптеген көркем қабаттары әлi де болса ашыл­май­ жатқандықтан, бабаларымыздың бiтiм-болмысын толық көзге елесте­тер­­лiктей мұрсат ала алмай жүрмiз. Осындай өткен тарихымыздағы, сағымға ал­данған шөл дуадағы­ның балапанындай бiздi абдыратып тастайты­ны, түсi түс­телiп, аңысы анықтал­маған, көз алдымызға бұлдыр дүние секiлдi елесi ға­на­ келетiн кезең - көне сақ, хундар мен скифтер заманы екенi анық. Тума ха­л­қымыздың iлкi дәуiрiне, байырғы түп-тамырына көз жүгiрткенде қа­раңғы тү­нектен сәуле шашқан жа­рық iспеттi өзiне айрықша назар аударуды қажет ететiнi де осы кезеңдер.

Ұра­ны ал­аш, керегесi ағаш, қарға тамырлы, киiз туырлықты ата-бабаларымыз­дың ба­­сынан өткерген тарихының кей дәуiр-кезеңдерiнiң назардан тыс қал­ған қа­л­­тарыста­ры­на жiтiрек ден қоя үңiлсек, тауы да, тасы да, сонау есте жоқ ескi ке­зеңдердегi ғасырлар қойнауынан, әлiмсақтан сыр тартқандай сөйлеп қоя бе­ретiн шежiресi тұнған халықпыз. Дегенмен осы күнге дейiн оның көптеген көркем қабаттары әлi де болса ашыл­май­ жатқандықтан, бабаларымыздың бiтiм-болмысын толық көзге елесте­тер­­лiктей мұрсат ала алмай жүрмiз. Осындай өткен тарихымыздағы, сағымға ал­данған шөл дуадағы­ның балапанындай бiздi абдыратып тастайты­ны, түсi түс­телiп, аңысы анықтал­маған, көз алдымызға бұлдыр дүние секiлдi елесi ға­на­ келетiн кезең - көне сақ, хундар мен скифтер заманы екенi анық. Тума ха­л­қымыздың iлкi дәуiрiне, байырғы түп-тамырына көз жүгiрткенде қа­раңғы тү­нектен сәуле шашқан жа­рық iспеттi өзiне айрықша назар аударуды қажет ететiнi де осы кезеңдер.

Ұланғайыр шексiз сайын далада көшiп-қонып ғұмыр кешкен хундар мен сақ­тар, үйсiндер мен скифтер мекенiнiң шек-шекарасы, тiлi жөнiнде, олар­дың­ рухани-мәдени мұрагерлерi хақында осы уақытқа дейiн ғылымда бiр пә­ту­аға келген тұжырым жоқ. Алайда соңғы кезде кешегi еуразия кеңiстiгiндегi кө­ш­пе­лiлердiң ең соңғы тұяғы болып табылатын қазақ халықының олармен та­рихи тамырластығын сөз етiп, дәлелдейтiн көптеген сүбелi еңбектер жарық кө­ре бас­тады. Бұл салада қалам тербеп жүрген белгiлi тарихшыларымызбен қа­тар марқұм Ақсе­леу Сейдiмбек, Тұрсын Жұртпай, Самат Өтениязов сынды жа­зу­шы,­ әдебиетшi ғалымдарымыз асыл тек­тi скифтердiң ата қорымы, отаны - Жетiсу өңiрi екенiн айғақтайтын уәждi тұ­жырымдар жасап, скифтердi иран тiлдес едi, тiптi үндi-иранның бiр бұтағы едi­ деген үндi-иранша, үндi-еуропашыл ғалымдардың күшпен бұра тартқан қарауына батыл тойтарыс беруде...

Есте жоқ ескi кезеңде өзiне ғана тән ерекше өмiр-тiршi­лi­гi­мен кө­рiнген скиф заманындағы iрi тұлғалардың бiрi - Анақарыс, грекше -­ Ана­хар­сис. Ғұмыр кешкен уақыты шамамен жыл қайруымызға дейінгі 620-555 жылдар. Ол - дала жұртынан шыққан да­нагөй тұлға, ежелгі риторика өнерінің жарқын өкілі. Бiзге ол осы жағымен құнды. Өйткенi шешендiк, сөз­ жоқ, төл­ этникалық мәдениетiмiздiң негiзгi сүйегiн, сүбелi бөлiгiн құрай­тын­ өнер. Ұлы­ дала көшпелiлерi мәдениетiнiң тiкелей мұрагерлерiнiң бiрiнен са­нала­тын­ қазақ жұртының көнеден жеткен рухани мұралары шешендiкке тұ­нып­-ақ тұр. Соның түп бастауында, қайнар бұ­­ла­ғында шешендiктi өмiрiне арқау еткен Анақарыс бабамыздың бейнесi кө­­ле­гей­лейдi. Белгiлi заңгер Мақсұт Нәрiкбаевтың «Ұлы би­ле­рi­мiз­ден­­ жоғары сотқа дейiн» атты еңбегiнде: «Бағзы замандағы грек, римнiң ри­то­­­рик­терiмен шендестiре алатын би-шешендерiмiз жыл санауымызға дейiнгi дә­­у­iрлерде-ақ мемлекет атынан билiк айтудың дәстүрлi жолын салған едi» деуi ақиқат сөз.

Анақарыстың ел билеген асыл тектi хандар әулетiнен шық­­қан Гнурдың (Күннұр) ұлы екендiгi айтады білетіндер. Анасы грек ақсүйегiнiң қызы болған деседі. Ол өз­­iнiң ұлын жастай сол тұста өркениетi мейлiнше жетiлген Эллада елiне - на­­ға­шыларына жiбередi. Өйткенi сол кездiң өзiнде-ақ гректер өмiрге икемдi, қа­бiлеттi, жан-жақты қалыптасқн азаматтарды тәрбиелеуге ба­ғыш­тал­ған­ сирек кездесетiн бiлiм беру жүйесiн жасаған. Грекияда негiзiнен мәде­ни­е­т­тiң аристок­ратиялық түрi дамыды. Басты мақсатқа апарар бірден бір жол - бiлiм жо­лы деген ұғым доминант құрды. Жастар жағы тыңдаушылар ретiнде мемлекеттiк iстер қаралатын жи­налыстарға да қатыса алатын. Мұндай бiлiм беру жүйесi белгiлi бiр та­лап­тар мен ереже­лердi үйре­ну­мен ғана шектелмей, жастарды қоғамдық өм­iрге де дайындады. Демек бұл грек қоғамының белсендi мүшесi болу, қоға­м­дық­ өмiрдiң сан-саласы­на араласу белгiленген ережелер, талаптарды толық меңг­ергенде ғана жүзеге асып отырады деген сөз. Ал бұларды гректер «даналық табыс­тар­ - нома (заңдар)» деп атады. Мә­де­ниеттiң мақсаты - адам бой­ын­да ойлау, пiкiр айтып пай­ымдау қабiлетi мен эстетикалық сезiмдi дамы­ту­ еді. Осындай мәдениет бастауларынан нәр жинаған көңiлi зер­ек­ Анақарыс: «Ойын-сауық өмiрдегi басты мақсат емес» деген тоқтамға ке­ле­дi. Әйгiлi Аристотель өзi­нiң бiр сөзiнде оның осы көзқарасын жақтап жаз­атыны бар.­

Терең ойдың қорытылған нұсқасындай, ой мен тiлдiң құдыретiмен жа­сал­ған,­ мазмұн мен көрiктiң саф алтын құймасы iспеттi қысқа да нұсқа, шымыр да­ алғыр, ұтқыр айтылатын тiлмарлық өнер ертедегi мәдениет ошақтарының Мы­сыр, Үндi, Бабыл секiлдi бағзы заманғы елдерде де қадiр тұтылып, қас­тер­ленген десек те, оның өз алдына жеке дара өнер ретiнде пайда болып, дам­ып,­ жетiлген жерi - Эллада елi екендiгi тарихтан мәлiм. Мұнда шешендiк өн­ер­дiң алғаш рет жүйелi арнаға түскен теориялық негiзi қаланды. Сол дәу­iр­лер­ден бастап шешендiк өнер ғылыми тiлде «риторика» аталды. Антика дү­ни­­есiнiң сан-салалы, жан-жақты ғылыми жетiстiктерiн бойларына сiңiрген Платон, Аристотель, Горгий, Протогор, Исократ, Де­мос­фен, Анақарыс сын­ды­­ бiртуар ғұламалардың шешендiк өнер тура­сын­­дағы бүгiнгi күнге ке­л­iп жеткен төл еңбектерi мен солар айтыпты-мыс, яғ­ни соларға телiнген қа­нат­ты, өткiр сөз иiрiмдерi осының айғағы.

Сөйлегенде тiлiнен шыбынсыз жаз тудыратын толғауы тоқсан қызыл тiл ше­берi Анақарыс та ежелгi грек елiнде қоғамдық құ­ры­лыс пен құқықтану мәселелерiмен айналысты. Оның: «Әдiл өмiр үшiн жақ­сы заңдардың болуы жеткiлiксiз, ол үшiн заңды қорғайтын әдiл қор­ғау­шы­лар керек, адамдар әлеу­меттiк жағдайы, қызметiне қарамастан заң ал­дын­да да бiрдей жауапты» дейтiн сөздерi сол кезеңге тән. Бiр күнi Халық жиналысын бақылап отырған Ана­қа­рыстың: «Эллиндер өте қызық халық. Бiл­гiр сөйлегендерiмен, мәселелерiн ақы­мақтар шешедi» дейтiнiнен бас кес­пек­ бар да, тiл кеспек жоқ дейтiн дала­лық­тарға тән шындықты тура бетке ай­тып са­латын ұстанымды үнемi негiзге алып отырғандығын байқаймыз. Аңыз бо­йынша Элладаға жеткеннен кейiн ол биік лауазым иесі Со­лон­ның үйiне барады. Оның құл­дар­ының бiрiне қожайынына өзiнiң келгендiгiн, оны көруге, мүмкiндiк болса до­сы әрi қонағы болғысы келетiндiгiн жеткiзудi сұрайды. Солон құлына: «Әдетте, адамдар досты өз Отанынан табады деп айт», - дейдi. Бiрақ Ан­а­­қарыс: «Солон қазiр өз Отанында, неге оған дос таппасқа» - деп жауап қай­тарады. Оның тапқырлығына таң қалған Солон оны үйiне кiргiзiп, ең жа­қын­ достарының бiрi етедi. Солонның арқасында Анақарыс ше­шендiк өнердiң қыр-сырын молынан меңгереді.

Шындығы сол, Ежелгi Грек жерiнде сөйлеу мәнерi, әдiс-тәсiл­де­рiне арналған көптеген теориялық трактаттардың жазылуы арқасында саясат­ пен сот дауындағы сөйлеу мәдениетi, төрелiк сөз (судебная речь) мей­лiн­ше­ биiк сатыға көтерiлдi. Бұл еңбектер әлi күнге дейiн өз маңызын жойған жоқ­ десек асырып айтқан болмаймыз. Мәселен, сөйлеу өнерiне қа­т­ыс­ты сөз қонымдылығы мен нанымдылығы, ойдың ай­қын­дылығы, сөйленер сөздiң жүйелiлiгi, құрылымы т. б. салаларының алуан-ал­у­ан мәселе­лерi алғаш рет сол тұстағы айтулы ғұламалардың төлтума ең­бек­те­рiнде көтерiл­дi. Олар өз трактаттарында сөз тыңдармандарға ұн­ап,­ белгiлi бiр мақ­сат көздеуге икемделуi қажет дей отырып, сөздi ықпалды-әс­ерлi ету күшiн арттыратын әдiс-тәсiлдердi қарастырған. Мәселен, Де­­мосфен сөздiң түйдектiлiк, екпiндiлiк ажарын айқындап, айтылу ше­­бе­р­лi­гiн­ сахналық қимылға дейiн жеткiзедi. Нақтылай кетсек, сондай тә­сiл­дер­­дiң бi­рi - сол кезде актерлер трагедиялық қойылымдарда ғана қол­да­ны­ла­тын­­ қол­ қимылы едi. Ол сол тұс­та­ғы Периклдiң: «Шешен сөйлегенде асқақ қа­л­­пын­ өзгертпей, аракiдiк қана қол қимылын жасау керек» деген сөзiн жетiл­дiр­дi. Сөзді иландыру, шын­дық­қа көз жеткiзу құралы ретiнде қа­ра­ған,­ ма­ңызды мәселе туралы тым әртiстене сөйлеудi талғам төмендiгi деп ұн­ат­­па­ған­ Аристотельдiң өзiмен айтысқа шықты. Олар көпiрме қызыл сөздiлер мен­ дау­рықпаларды, лепiрме, өзiн ұстай бiлмей, орынсыз аласаттанып, ой­нақ­шы­ған­дарды жұрт қашанда келеке етедi деп сына­ды. Сол сияқты өз сөз­iнiң ықпалдылығын арттыруда қас-қабақ, қол, бүтiндей дене қоз­ға­лыс­ын­ың­ мүмкiндiктерiн орайлы пайдалануды игерген. Бiрақ асыра әсi­ре­лiк­ке­ ұр­ын­баған, өлшемiн бiлген. Осындай жағдайда өмiр мен қоғам талап ет­кен­дiк­тен­ шешендiкке баулып, үйрететiн белгiлi шешендер - Горгий мен Исакрат­тар­ өздерiнiң тiлмарлықты ұштауға арналған әйгiлi ше­шен­дiк мек­теп­те­рiн аш­ты.

Сол кезеңдегi Афиндегi талапқа сай сот барысында сот iсiне қатысушы әр­­бiр адам өз мүддесiн өзi қорғауға тиесiлi болды. Яғни, әрбiр құн даулайтын құ­­ныкер өзi айыптаушы ретiнде сөйлеп, ал күнәкар жағы өзiн ақтаушы, қор­ғау­­шы ретiнде шығып сөйлеуге мәжбүр болды. Ал олардың iсiн тыңдап, са­рап­­қа са­лып, әдiл қазылық жасап, шешiм шығарар сот алқасының (гелиэя) құ­­рамы көп. (Мәселен, қылмыстық iстердi қарастыратын Афиндегi өкiлеттi сот­­ алқасы 501 адамнан тұратын). Сондықтан айыпталушы күнәкар сотта өз­iн­­ ақтап, өзiнiң күнәсiздығына жұртты мойындатуға, олардың назар-ықы­ла­сын­­ өзiне аудару үшiн хәл-қадiрiнше барынша күш салып баққан. Ақталар еш қисын, дәлелi жоқ болса да, қолдан келер бар амалын қолданған. Мысалы, күнәкер өз бала­ларын сотқа әкелiп, оларға сот алқасына аяушылық жа­­саңыз деп айтқызған. Ал соғысқа қатысқан, соғыс ардагерi болса, ел қор­ға­­ғандағы еңбегiн елетуге дене­сiндегi алған жарақаттарын көрсеткен. Егер ақ­­ын болса, ақындық өнерiн көр­се­тiп, өлең оқып, рақымшылық жасатуға ты­рыс­қан. Осындай орайда Платонның: «Мәселе ақиқатқа жету емес, ең қа­же­тi - дәлелдей бiлу, иландыру» дейтiнi осыған байланысты айтылса керек.

Плутарх бұл жайды әдемi әспеттеп жазады: «Солон... қоғам қайраткерi бо­­лып, заң шығарумен айналысып жүрген кезiнде ұдайы Анақарыспен бiрге бол­ыпты. Анақарыс болса, оның тiрлiгiне қарап, мұның арманы қылмыс пен қи­я­натты жазулы заң арқылы қорғамақ. Онысы өрмекшiнiң торына ұқсас се­бебi, заңға тап болған әлсiздер мен кедейлер тұтылады да, әлдiлер мен бай­лар торды үзiп, құтылып кетедi, - деп күледi екен. Мұндай пiкiрге Солон қар­сылық бiл­дi­рiп, адамдардың келiсiмге тоқтайтынын, оны бұзудың екi жақ­қа да тиiмсiз еке­нiн айтады, ол заңды бұзудан гөрi адал өмiр сүрудiң ти­iмдi екенiне әркiмнiң көзi жететiнiн түсiндiредi. Алайда, iстiң нәтижесi Со­лон үмiттенгендей бол­ма­ды, керiсiнше, Анақарыстың айтқаны айдай кел­дi» дейді Плутарх.

Анақарыс соңына замандастары ау­ыздарынан тастамай айтып жүретiн тiлiп түсер отты сөздерiн қалдырған. Мә­селен, Афиндiк бiреу оның скиф екенiн бетiне салық қылыпты. Сонда ол «Мен­ үшiн елiм қайғы, ал сен болсаң елiңе қайғысың» деп жауап берiптi. «Татымсыз көп достан, табанды бiр дос артық» деген сөздi де сол кiсi ай­т­қан.

Анақарыс көптеген елдi аралап, олардың тарихын, салт-дәстүрiн бiлуге құш­тарлық танытқан. Мәселен, Лидия ханына жазған хатында: «Мен эл­ла­да­лық­тар жерiне алтын үшiн емес, жергiлiктi халықтың салт-сана, әдет-ғұр­пын­ үйрену үшiн келдiм. Менiң Скифияға бұрынғымнан да жақсырақ болып ор­а­луымның өзi жеткiлiктi» - деп жазады. «Адам бойында жақсы әрi жа­ман­ нәрсе деген не?» - деген сұраққа өзi «Тiл» - деп жауап беруi де одан көп кей­iн­ өмiр сүрген әйгiлi түркi ақындары Баласағұнның (ХII ғ.) «Сөздi тый­масаң бас­ кетер, тiлiңдi тыймасаң, тiс сынар», Иүгiнекидiң (ХII-ХIII ғғ. ара­лы­ғы)­ «Адамға не келсе де тiлiнен келедi» дейтiн сөздерiмен тон­ның iшкi бау­ын­дай үндесе, үйлесе байланысады. Мұндай қанатты сөздер Анақарыста ас­ып­ жығылады.

559-жылы өзiнiң ұстазы, әрi адал досы Солон қайтыс болғаннан кейiн, Ан­ақарыс өз Отанына қайтады. Скифияға оралғаннан кейiн, өз халқының салт­-дәстүрiнен жорта бас тартты деген күдiкке iлiгедi. Ол өз отандастарын эл­ла­да­лықтардың жақсы қасиеттерiнен үлгi алуға шақырады. Ол ағасының оғ­ы­нан аң аулап жүрген кезiнде қаза болады. Дангөй өлер алдында: «Ақыл ме­нi Элладада сақтап едi, көре алмаушылық менi Отанымда өлтiрдi» - де­ген­ екен.

Әсiлi, қайсы бiр дәуiрді сөз еткенде сол кезең биiгiнен зер саламыз. Бұл бүгiнгiнiң сы­р­ын­­ тереңiрек танып-бiлу үшiн қажет. Мұны сонау бағзы заман адамдары да түсiн­ген.­ Цицеронның: «Өзiң туғанға дей­iнгi дүниеде не болғанын бiлмесең ғұмыр бойы нәресте қалпыңда қалдым дей­ бер» - деп ой түюi тегiн емес. Ендеше кейiнгi ұрпақтың рухани да­му­­ына қажеттiлiгi еш күмән туғызбаса да қазақ тiлiндегi ешқандай оқу бағ­дар­лама­ла­рында орын берiлмеген Анақарыстан да мағлұ­мат­ бере кету­дiң еш артықтығы жоқ деп білдік.

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373