Жұма, 22 Қараша 2024
1597 0 пікір 24 Қараша, 2022 сағат 15:45

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысының құны 128 млрд теңгеге өсті

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысының құны 128 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы Сенат депутаттарының Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сенатор Дәурен Әділбековтің сөзінше, халық қалаулылары «Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысын қаржыландыру мәселесіне алаңдаулы.

“Бұл тас жолды салудың жобалық-сметалық құжаттамасы 2016-2017 жылдары жасалған. Құрылыс 2020 жылы аяқталуы керек еді. Бұл фактор, сондай-ақ жол-құрылыс материалдары бағасының кейіннен күрт өсуіне, нақтылай айтқанда алдын ала есептеулер бойынша құрылыс жұмыстары құнының 128 млрд теңгеге өсуіне әкелді”, – дейді ол.

Дәурен сонымен қатар қазірдің өзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен де айырылып қаупі жоғары екенін атап өтті. Мысалы, қазір асфальт-бетон жабындысының төменгі қабаты ғана төселген учаскелерде қозғалыс ашық тұр. Бұл оның міндетті түрде бұзылуына, яғни асфальттың жоғарғы қабатын салу кезінде проблемаларға әкеліп соғады.

Депутаттар құрылыс жұмысының барысымен және ұсынылған ақпаратпен жергілікті жерде танысқан кезде, жұмыстың 2023 жылы жоспарланған мерзімде тиісті сапада аяқталуы күмән туғызды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320