Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 18 Ақпан, 2013 сағат 10:12

Шымбайға батқан шындық

 

Депутат Халмұрадов әріптестеріне орынды сын айтты

Мемлекеттік тіл мәселесі сөз болғанда жұртшылық Парламентке қатысты да өкпе-реніштерін білдіріп жүр. «Мемлекеттік сипаттағы орын. Елдің тағдыры қолдарына тапсырылған - таңдаулыларымыз, қалаулыларымыз. Парламент депутаттары неге отырыс-жиындарын мемлекеттік тілде өткізбейді?» деп сынайды.

 

Депутат Халмұрадов әріптестеріне орынды сын айтты

Мемлекеттік тіл мәселесі сөз болғанда жұртшылық Парламентке қатысты да өкпе-реніштерін білдіріп жүр. «Мемлекеттік сипаттағы орын. Елдің тағдыры қолдарына тапсырылған - таңдаулыларымыз, қалаулыларымыз. Парламент депутаттары неге отырыс-жиындарын мемлекеттік тілде өткізбейді?» деп сынайды.

Бұл орынды реніш болатын. Расында да ел мүддесіне, онда да заң жүзінде шегелеп бекітілген мемлекеттік тілдің хал-ахуалына ең алдымен мемлекеттік биліктің әлеуетті бір тармағы саналатын Парламенттің жаны ашымағанда, кімнің жаны күйзелуі тиіс?
Елдің ішіндегі қо­ғамдық пікірден Қазақстан Республикасы Парламен­ті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов жақсы хабардар екен. Ол қа­зақтың өзінен де намысшыл болып шықты. Мәжілістің таяудағы жалпы отырысында қазақ тіліне қатысты сөз сөйлеп, дабыл қақты.
Розақұл Сатыбалдыұлы алдымен Елбасымыздың өткен жылдың соңына таман Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан мына сөздерді тілге тиек етті: «Қазақ тілі туралы айтқанда істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс... Тілге деген көзқарас шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамайық». Мұнан соң депутат «Ал біз халық қалаулыла­ры, бұған қалай қарап жатырмыз? Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналу үшін қандай үлес қосып жатырмыз?» дей келе, 2007 жылдан бастап тек қана ұлты қазақ де­пу­таттардың Парламент Мәжілісінің оты­рыстарында депутаттық сауалдарын қай тілде жолдағандарын жария етті. Мәселен, төртінші сайланған Мәжілісте қазақ депутаттар тарапынан депутаттық сауалдардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде білдірілсе, ал қазіргі бесінші сайланған Мәжілістің бір жылы ішінде 186 депутаттық сауалдың 78-і немесе 42 пайызы қазақ тілінде, ал 108-і немесе 58 пайызы орыс тілінде жолданған. Сонда ілгерілеу емес, кері кету бар.
«Кейбір әріптестерім біз қай тілде сөйлегенімізде не шаруаң бар деп те айтатын шығар. Ол рас, менің шаруам емес. Дегенмен, мұны біреуді сынау үшін емес, өзімнің азаматтық борышым деп санағандықтан, жүрегімнің ауырғанынан айтып отырмын» деген Р.Халмұрадов сөзінің аяғын былайша аяқтады: «...Сайлаушыларымыз елімізде қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, мемлекеттік тіл мәртебесіне лайық төрден орын алуында өздері сайлаған депутаттардың алдыңғы қатарда болуларын қалайды. Осы сенімге лайық болып, өзге тілдің бәрін білейік, өзіміздің мемлекеттік тілімізді құрметтейік. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде екендігін ұмытпайық, ағайын».
Осы сөздер қазақтың аузы­нан шығу керек еді. Алайда түйсігі, түйгені мол отандасымыз боз­торғайдай шырылдап, іштегі шерін ақ­тарды. Бұл жеке бастың уайымы емес. Қазақтың мұң-шері. Рахмет, сізге Розақұл Халмұрадов! Аза­маттық парызыңыз, мол түсінігіңіз үшін. Елдің, жердің қасиетін әрбір қазақ, әрбір қазақстандық өзіңіздей сезінсе, қанекей.
Сөйтіп, депутат Р.Халмұрадов әріп­тестеріне ой тастады. Ой тас­тады дегеніміз жай, Парламентте орын алып отырған үлкен олқылықты бетке бас­ты. Азаматтық парызына адалдығын танытты.
Депутаттың бұл сөзі әріптестерінің шымбайына батты ма екен?!

Нұрперзент Домбай

"Ана тілі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340