Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5356 0 пікір 19 Ақпан, 2013 сағат 10:13

ҚМДБ құрылтайы: Бас мүфти - Ержан Маямеров

Бірауыздан сайланға жаңа мүфти және оның орынбасарлары

Сөйтіп, кеше хабарлағанымыздай, Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс VII құрылтайы өтті. Біз кеше жаңадан сайланған бас мүфти назарына алар деген үмітпен діни мәселелерге байланысты бірқатар ұсыныстарды жария еткен болатынбыз (http://old.abai.kz/content/kmdb-zhana-m-fti-sailanbak).
Құрылтайдың басты жаңалығы - Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қызметінен кетіп, орнына осыған дейін ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып жұмыс атқарған Ержан Маямеровты құрылтай делегаттары бірауыздан сайлады.

Ержан Маямеровтың кандидатурасын ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкіл имамы Серік Ораз Бас мүфти лауазымына үміткер ретінде ұсыныпты. Ал, делегаттар болса, Серік Ораздың ұсынысын бірауыздан қолдап, дауыс берген.

Ал, Ержан Маямеров өзінің орынбасарлары, яғни наиб мүфти лауазымына Қайрат Жолдыбайұлын, Серік Оразды ұсынып, бұл ұсынысты да делегация мүшелері бірауыздан қолдаған.

Жаңа бас мүфтидің қысқаша өмірбаяны мынандай: Ержан Маямеров Малғажұлы 1972 жылы туған. 1991-1993 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданды. Аталған оқу орнын 2006 жылы тәмамдады. 2006-2008 жылдар аралығында Мысыр мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жетілдірді. 2011 жылы 10 қазанда Әбсаттар қажы Дербісәлі хазреттің ұйғарымымен, Ержан Малғажыұлы ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып тағайындалды. Үйленген. 3 баласы бар.

Ғұламалар кеңесі

Сонымен, ҚМДБ-сы баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенсек, құрылтайға ҚМДБ-ның төралқа мүшелері, аппарат қызметкерлері, облыстар мен өңірлердегі өкіл имамдары, ақылдастар алқасы, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері, бас-аяғы 170-тен астам делегат қатысыпты.
Бір ғана түсініксіздеу тұс - Ғұламалар кеңесі. Ол қандай кеңес? Кеңеске қандай ғұламалар мүше екенін алдағы уақытта анықтап, жазатын боламыз.

Дербісәлі қажы: Халықтың діни сауаты артты

Құрылтайға қайтса оралайық. Дербісәлі қажы ҚМДБ-ны 13 жыл басқарған жылдардағы атқарған жұмыстарына тоқтала келіп: «Өздеріңізге белгілі, 13 жылда дін саласында бірқатар ізгі істер жүзеге асты. Халықтың діни сауаты артты. Мешіттер еңсе көтерді. Діни оқу орындары мен медреселер ашылып, ел игілігі жолында қызмет етуде. Діни басқарма халықтың бірлігі мен ынтымағының нығаюына үлкен үлес қосты. Баршаңызға мәлім, Қасиетті Құранның 719 жерінде білім-ғылым жайлы баяндалған. Мен әуелде Бас мүфти лауазымына дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет еттім. Қалған күш-қайратымды білім-ғылым саласына жұмсасам деген ойымды Елбасына жеткіздім. Нұрағаң, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл ойымды құптап, Дінбасының және діни басқарманың атқарған іс-шараларына алғысын білдіріп, рахметін айтты. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуына, халқымыздың бірлігі мен ынтымағына қызмет еткенім үшін өзімді бақытты санаймын. Алла баршаңызға разы болсын!» -депті.

Құрылтай қаулысы

Жаңа мүфти сайлап тарқасқан құрылтай төмендегідей қаулы қабылдапты:
І. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің 2000-2013 жылдары арасындағы атқарған жұмыстарының Есебі қанағаттанарлық деп бағаланып, құрылтай атынан алғыс жариялансын;
ІІ. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің ғылыми-педагогикалық қызметке ауысуына байланысты Бас мүфти қызметінен босату туралы өтініші қанағаттандырылсын;
ІІІ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық      ислами діни бірлестігінің төрағасы, Бас мүфти қызметіне Шығыс Қазақстан облысы Семей аймағының Бас имамы Ержан Маямеров сайлансын;
IV. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің Жарғысына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өткізу ұсынылсын.

Құрылтайдың қызығы

Құрылтайдың қызығы мынау: «Әбсаттар қажы Дербісәлінің еткен ерен еңбегін ескере келе, сый ретінде автокөлік кілтін табыстауға бірауыздан дауыс берді». Біз тағы да түсініксіздеу әрі бұлғыңғырлау болып қалған тағы бір жайт ол - Әбсаттар қажының қандай «ерен» еңбегі ескерілгені, көліктің қандай ақша алынғаны және қандай маркалы автокөлік екені болып тұр.

Молдалар бірлігі

ҚМДБ-ы баспасөз қызметінің құрылтай барысынан хабарлаған ақпаратына қарап отырып, құрылтай делегаттарының яғни, имам-молдалар мен дін қызмкеткерінің барлық ұсынысқа тіпті бұрынғы мүфтиге автокөлік мінгізуді де бір атаның баласындай бір ауыздан қолдаған бірліктері таң қалдырды. Шіркін-ай осы бірлік қоғамның үрейіне айналған діни мәселелерде де көрініс тапса ғой деген ойға қалдық

Ақпараттар және сурет ҚМДБ-ның ресми сайты muftyat.kz - тен алынды
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060