Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3481 0 пікір 20 Ақпан, 2013 сағат 10:22

Әбубәкір Смайылов. Қазақ көшіп барады Лондонына

«Я уеду жить в Лондон...»

(Лепстің орындауыгдағы қазақ олигархтарының әні)

 

Білімінің білмеймін молдығы ма,

Әлде, оның сенгені доллары ма?

Қазақ көшіп барады ата жұрттан,

Қазақ көшіп барады Лондонына!

 

Жемқорың да жалмауыз жеті басты,

Жеді-қашты...

Лондонға жеді-қашты.

Сатылмаған не қалды бұл қазақта

Жердің үсті, сатылған жердің асты!

 

«Байлығында халықтың қанша ақың бар?»-

дейтін тірі пенде жоқ. Ал,сатыңдар!

Ойсыраған орынын толтыра ма

Ойын-сауық отауы - Хан Шатырлар?

 

(Бүкіл әлем мойындап, мақұлдаған

Тони Блэр айтады ақыл маған)

Тілім-тілім байғұс-ай, тілден басқа

Бұл қазақта не қалды сатылмаған?

 

 

Сорлы тілім есіктің көзінде тұр.

Сөзің де тұл, өтпесе өзің де тұл.

Хан айыбын бетіне қарып басқан

Қандай еді Бұқардың кезінде тіл!

 

Қорынбастан, бұқпастан, қорықпастан

Хан бетіне айыбын қарып басқан.

«Балық бастан шіриді...» деген сөзді

Долы желі даланың алып-қашқан!

 

Менің жаным мен жазған өлеңдерде

Тағы айғайлап айтамын кереңдерге:

Мен туғанда қуанған осы тілде,

Осы тілде жылайды мен өлгенде!

Ал, Лондонда кім жылайды?..

«Я уеду жить в Лондон...»

(Лепстің орындауыгдағы қазақ олигархтарының әні)

 

Білімінің білмеймін молдығы ма,

Әлде, оның сенгені доллары ма?

Қазақ көшіп барады ата жұрттан,

Қазақ көшіп барады Лондонына!

 

Жемқорың да жалмауыз жеті басты,

Жеді-қашты...

Лондонға жеді-қашты.

Сатылмаған не қалды бұл қазақта

Жердің үсті, сатылған жердің асты!

 

«Байлығында халықтың қанша ақың бар?»-

дейтін тірі пенде жоқ. Ал,сатыңдар!

Ойсыраған орынын толтыра ма

Ойын-сауық отауы - Хан Шатырлар?

 

(Бүкіл әлем мойындап, мақұлдаған

Тони Блэр айтады ақыл маған)

Тілім-тілім байғұс-ай, тілден басқа

Бұл қазақта не қалды сатылмаған?

 

 

Сорлы тілім есіктің көзінде тұр.

Сөзің де тұл, өтпесе өзің де тұл.

Хан айыбын бетіне қарып басқан

Қандай еді Бұқардың кезінде тіл!

 

Қорынбастан, бұқпастан, қорықпастан

Хан бетіне айыбын қарып басқан.

«Балық бастан шіриді...» деген сөзді

Долы желі даланың алып-қашқан!

 

Менің жаным мен жазған өлеңдерде

Тағы айғайлап айтамын кереңдерге:

Мен туғанда қуанған осы тілде,

Осы тілде жылайды мен өлгенде!

Ал, Лондонда кім жылайды?..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343