Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3547 0 пікір 20 Ақпан, 2013 сағат 11:38

САҚ ДӘУІРІНЕ ТИЕСІЛІ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ

Тараз қаласының маңындағы «Жетітөбе» қорғанынан табылған сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдарды тауып, зерделеген ғалымдар тағы бір «Алтын адамның» болуы мүмкін  деген сауалдармен бас қатыруда. Қазба жұмыстарымен айналысқан «Археологиялық экспертиза» серіктестігінің директоры Дмитрий Воякин: «Бұл алтын бұйымдар Есік қаласынан табылған сақ патшасы «Алтын адамның» киіміне өте ұқсас. Бұл да сақ патшасы болуы әбден мүмкін. Оның киіміндегі аңдардың үлгісіндегі ою-өрнектер өте нәзіктікпен шебер бедерленген. Алтыннан жасалған киімді қалпына келтіру мүмкін емес, бірақ табылған бөлшектерден оның қаншалықты ғажайып екендігін білуге болады», - дейді.

Ежелгі қорған бүгінгі күнге дейін сегіз рет тоналған. Табылған алтындар қарақшылардан қалып кеткен болуы мүмкін деген болжам бар. Археологтар журналистер назарын сақ дәуіріне тиесілі 49 алтын фрагменті мен әшекейге аударды. Алдағы уақытта «Жетітөбедегі» сақ дәуірінің патшалық қорымына жүргізілетін кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары үлкен нәтиже береді деп күтілуде. Қазіргі уақытта екі қорған ғана қазылғанымен, әлі аршылмаған жұмбаққа толы бес қорған бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347