Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 1281 0 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 13:02

Қазақстанда жыл сайын 14 мың адам обырдан қайтыс болады

Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Республикада жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін 41 тері арқылы коронарлық араласу орталығы, 74 инсульт орталығы жұмыс істейді. Коронарлық араласу орталықтары мен инсульт орталықтары желісін одан әрі дамытамыз. 2-деңгейлі 4 тері арқылы коронарлық араласу орталығы Түркістан, Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарында ашылды. Сондай-ақ 30 инсульт орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. 2023-2025 жылдары Қызылорда, Маңғыстау, Шымкент, Алматы қалаларында ашылады. Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында да бұл жұмыс қолға алынған», - деді министр.

Ажар Ғиният онкологиялық аурулармен күрес Мемлекет басшылығының ерекше бақылауында тұрғанын баса айтты.

«Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығып, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, Диспансерлік есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр. Онкологиядан болатын өлім-жітім үшінші орынға шықты», - деді ол.

Ажар Ғиният министрлік онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасын әзірлегендігін атап өтті.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019