Жексенбі, 11 Қазан 2026
229 0 пікір 11 Қазан, 2026 сағат 14:21

Шымкенттегі концертке қатысты жалған ақпарат тарады

(Сурет:https://t.me/JAQortcomkz/309)

Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болды деген ақпарат таралуда.

Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында.

Сонымен қатар Шымкент қаласының Полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланым жасамас бұрын олардың анық-қанығын тексеруге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады.

Әсіресе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты оқиғаларды жариялау кезінде жауапкершілік таныту маңызды. Өйткені шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 941
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1266