Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2136 1 пікір 2 Желтоқсан, 2022 сағат 13:37

Ұлытау мен БҚО әкімдері тағайындалды

Бүгін Ұлытау облысының әкімі болып Берік Әбдіғалиұлы қайта тағайындалды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

2010 - 2012 жылдары – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2012 - 2013 жылдары – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі, 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болады. 2019 - 2021 жылдары қайтадан Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болып істейді.

2021 - 2022 жылдары – VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2022 жылдың маусым айынан бастап Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Нариман Төреғалиев тағайындалды.

Ол 1964 жылы 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы Есенсай ауылында туған. Экономика ғылымдарының магистрі, заңгер. 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Орал қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322