Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3662 0 пікір 21 Ақпан, 2013 сағат 09:31

Мұнай бұрғылау саласын ҚЫТАЙЛАР БАСЫП АЛДЫ

Қытайлық компаниялар Қазақстанның мұнай саласының бұрғылау қызметі рыногын толығымен басып алды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне отандық кәсіпорын өкілі. Оның айтуынша, кезінде ол істейтін компания Қазақстандағы бұрғылау нарығында қызмет жасаған, бірақ қытайлық компаниялармен бәсекеде біртіндеп өзінің позициясын беріп алған.

«Біздің кәсіпорын ұңғыларды бұрғылаумен табысты айналысып, тендерлерге қатысып, бұрғылау жұмыстарына мердігер ретінде қатысып жүрген. Бірақ 10 жыл бұрын біздің елге қытайлық компаниялар келді. Олар барлық бағаны толығымен бұзып жіберді. Олар, айталық, 400 млн теңге тұратын ұңғыны 200 млн-ға бұрғылауға келісіп, өздеріне шығынмен жұмыс істей бастады. Біз, әрине, өзімізге шығынмен жұмыс істей алмадық, сөйтіп тендерлерден ұтыла бастадық», - деді агенттік сұхбатшысы.

«Сөйтіп қазақстандық бұрғылау компаниялары банкротқа ұшырап, нарықтан толығымен кеткен соң ғана қытайлар бұрғылау бағасын екі есеге емес, үш есеге арттырды! Осылайша қытайлық компаниялар қазір нарықтағы монополистер», - деп атап көрсетті ол.

Бұл ретте қытайлық компаниялар тек бұрғылау қызметін ғана көрсетпейді. Олар мұнай құбыры мен газ құбырларын салу саласындағы барлық дерлік тендерлерді ұтып алып отыр. Бұл ретте агенттік сұхбатшысы қытайлықтар Қазақстандағы мұнай кеніштерін қалай иеленіп алатындығы туралы тағы бір жалпыға белгілі деректі еске салды. «10 жыл бұрын біз таң қалатынбыз. Қарапайым ғана, сырт қарағанда жұпыны қытайлық келіп, масқара сомадағы, айталық, 100 млн доллар қаржыны кеніш үшін немесе мұнай компаниясы үшін ұсынатын, - деді ол. - Кейін, Аспан астындағы елге барғанымызда белгілі болғандай, егер Қытай азаматы немесе қытайлық компания Қазақстаннан мұнай компаниясын сатып алатын болса, ол мемлекет тарапынан пайызсыз шексіз несие ала алады екен. Қазақстаннан активтерді сатып алуға».

Бұл ретте ол несиені алудың негізгі шарты - «активтер тек Қазақстанда ғана болуы тиіс. Әрине, олар сол активтердің өмірде нақты барлығын тексереді, ал кейін сол несиені береді», - деді сұхбатшымыз.

Оның айтуынша, қытайлықтарға Қазақстандағы пайдалы қазба байлық қоры туралы барлығы белгілі. «Ол онша қиын емес, себебі олар ірі деген жобаларға кірген бойда, сол Ақтөбенің өзінде болсын, ең бастысы - одан соң олар картаны алды. Оларда барлық геологиялық карталар бар. Олар картаны әртүрлі жолдармен алды: тікелей болмаса - ортаға делдалдарды салды, сатып алды, өздерінің адамдары арқылы, айталық, қытайлықтарға үйленген қазақстандық азаматтар арқылы. Сол сияқты т.б. әдістер арқылы», - деді сұхбатшы.

«Ол рас. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Қызылордада да сондай болып жатыр. Тек ірі мұнай компаниялары, «Шеврон» немесе Agip­KCO сияқты компаниялар әлі мықты, қалғандарын іс жүзінде қытайлық компаниялар бақылап отыр», - деді ол.

Бұл ретте қазақстандық шенеуніктер не болып жатқанын білмейтін де шығар. «Тіпті білген күннің өзінде, олар ешнәрсе өзгерте алмайды. Себебі оларда ең бастысы - саяси ерік пен біліктілік жетіспейді», - деп тұжырымдады ол.

Бұл екі арада

Қазақтар тағы да

ДОКТРИНА

жасап жатыр

Қытай компаниялары елдің мұнай нарығын жаулап алып жатқанда, қазақтар тағы да далбаса доктрина жасауға кірісті. Бұл жөнінде 18 ақпан күні ҚазТАГ хабар таратты. «Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдап, оған кезекті съезге дейін доктрина әзірлеу жөнінде тапсырма берді. «Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру, сондай-ақ басқарушы партияның ХХІ ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін іргелі құжат болуға тиіс», - деген екен президент мырза.

Ол доктрина кімге керек, оны қай қазақ нанға жағып жейді? Ол жағын президенттің сөзіне бас шұлғыған Байбек бажайлаған жоқ. Себебі сол күні-ақ бүкіл «Нұр Отан» доктрина долбарлауға кірісіп кетті.

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 06 (182) 21 ақпан 2013 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282