Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2755 1 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 13:12

Астана-Анкара бағытында тікелей рейс ашылды

5 желтоқсанда Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

Астана мен Анкара арасындағы рейстерді аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелері жүзеге асыратын болады. Тасымалдаушы — «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны «AnadoluJet».
Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қарашада AnadoluJet түрік лоукостері Алматы мен Анкара арасында рейстерді іске қосқан болатын.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2457
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 657
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637