Жұма, 22 Қараша 2024
1368 2 пікір 7 Желтоқсан, 2022 сағат 12:10

Петиция беру мен қараудың тәртібі өзгереді

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты.

«Петицияны қарау барысында мемлекеттік орган петиция авторын шақырып, хабардар ете отырып, мемлекеттік орган шешімінің жобасын жария талқылауды ұйымдастырып, жеке комиссия немесе жұмыс тобын құрады. Мұндай шаралар петициялардың қоғамдық мәртебесі мен маңызын арттыруға мүмкіндік береді. Петиция бойынша шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы ғана қабылдайды», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, петиция берілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде оған кемінде еліміздің 150 азаматының қосылуы қажет. Бұндай тәжірибе петиция институты құрылған бірқатар елде (АҚШ, Өзбекстан және т.б.) қолданылады.

Петицияны міндетті түрде қарау үшін оны қолдайтын дауыстардың мынадай шекті мәндері бар:

- аудандық деңгей (әкімдіктер) халқы 50 мыңнан асатын болса, 2,5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 5 %-ы болуы керек.

- аудандық деңгей (мәслихаттар) – халқы 50 мыңнан асатын болса, 5 мың дауыс, қалғандары үшін халық санының кемінде 10 %-ы;

- облыстық деңгей (әкімдіктер) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындарының 1% дауысы;

- облыстық деңгей (мәслихаттар) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының кемінде 2 %-ы;

- республикалық деңгей (Үкімет) – кемінде 50 мың дауыс.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329