Сенбі, 23 Қараша 2024
1614 0 пікір 9 Желтоқсан, 2022 сағат 12:48

Газ бағасын реттеу мерзімі тағы жарты жылға ұзартылады

Үкімет сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін тағы алты айға ұзартуға шешім қабылады, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Қазіргі кезде парламентте заң жобасы аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу бойынша уәкілетті органға құзырет беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Мемлекеттік реттеуді сақтау мақсатында бұған дейінгі бұйрықтың мерзімін ұзарту ұсынылды.

Бұйрық жобасына сәйкес, Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік реттеуді 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту көзделіп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407