Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3627 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 10:41

Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының барлық салымшысына

ҮНДЕУ

Елiмiзде соңғы кездерi "Бiртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры" төңiрегiнде қызу пiкiрталас толастамай тұр. Әртүрлi болжамдар мен алыпқашпа әңгiмелер талқылануда. Мемлекеттiк емес зейнетақы қорларымен келiсiмшарт жасасып, бiртұтас ЖЗҚ-ға салымдарын аударғысы келмейтiн салымшылар "Не iстеу керек?" деген сұраққа бас қатыра бастады. Бұл сауалды өзiме қойып жүргендер де көп. Осы сұраққа жауап ретiнде "Грантум" ЖЗҚ-ға бағытталған үндеуiмдi жариялаймын. Бұл үндеуде "Грантум" қорының салымшысы ретiнде бiртұтас ЖЗҚ-ға сенiмсiздiк бiлдiрiп, зейнетақы салымдарымды өзiмнiң жазбаша келiсiмiмсiз бiртұтас қорға аударуға қарсылық бiлдiремiн. Өз салымдарын бiртұтас ЖЗҚ-ға аударғысы келмейтiн өзге де жекеменшiк қорлардың салымшыларына осы үндеудi ұсынамын. Олар мұны ЖЗҚ-дағы өз салымдарын бiртұтас ЖЗҚ-ға аударуға тыйым салудың жазбаша үлгiсi ретiнде пайдалана алады. "Грантум" ЖЗҚ АҚ-ның басқарма төрағасы А.Г.Сычев мырзаға Осы қордың салымшысы А.Б.Әлiбаевтан

Құрметтi Алексей Геннадийұлы!

Мен "Грантум" жинақтау­шы зейнетақы қорының салымшысымын. ҚР-ның "ҚР-дағы зейнетақымен қамту туралы" заңына сәйкес, мен бәсекелестiк ортадан сiз­дiң қорды өзiм таңдап, өз еркiммен зейнетпен қамту туралы келiсiмшарт жасастым. Бiраз уақыт бұрын ҚР үкiметiнде мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының негiзiнде құрылатын бiртұтас ЖЗҚ құру идеясы қызу талқыланды. Сөйтiп, "Грантум" ЖЗҚ-дағы менiң салымдарым бiртұтас ЖЗҚ-ға аударылмақ. ҚР Азаматтық кодексiнiң 380-бабы 1-тармағына сәй­кес, азаматтар келiсiмшарт жасасуға ерiктi. ҚР-ның "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңының 23-бабы 2-тармағына сәйкес, зейнет­ақы шоттарындағы мiндеттi зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтары салымшының жеке меншiгi болып есептеледi. ҚР Азаматтық кодексiнiң 188-бабына сәйкес, меншiк құқығы дегенiмiз - субъек­тiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Бұл заңдар зейнетақы жарналары мен жинақтарына да қатысты. Түптеп келгенде, мемлекеттiң нұсқауын­сыз-ақ "ГНПФ" АҚ-ны өз еркiммен жинақтаушы зейнетақы қорым ретiнде таңдауыма болар едi. Бiрақ осы уақытқа дейiн мұны қалаған емеспiн, қаламаймын да. Осы күнге дейiн ешкiм бiртұтас ЖЗҚ-ны құруға түрткi болған себеп пен салдарды түсiндiрiп, дәлелдеп әуре болмады. Әйтеуiр жекелеген зейнетақы қорлары немесе ондағы лауазымды тұлғалар ұрлық-қарлықпен айналысыпты дегендi емеу­рiнмен бiлдiредi. Сөйте тұра, мұнымен анығында кiм айналысқаны туралы тiс жармайды, кiнәлi адамдар­ға қатысты шығарылған сот актiлерiн де көрсет­пейдi. Алдағы өзгерiстер қандай да бiр пайда әкеле­дi дегенге кепiлдiк беретiн дәлел­дер­дi де алға тартпайды. Қазiргi табыстан гөрi жоғары кiрiстiлiкке қол жеткiзiле­дi дегенге де ешкiм ешқандай кепiлдiк берiп жатқан жоқ. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйе­сiне өзгерiстер енгiзудi былай қойғанда, осы өзгерiс­тердi енгiзу қажет пе деген сұрақтың өзi не қоғамда, не парла­мент­те талқыланбады. Шамасы, талқыланбайтын да тәрiздi. Зейнетақы қорларының қызметiн реттеуге өкiлеттi тұлғалар ешқандай жауап­кершiлiкке тартылмады (егер жаппай жымқыру бол­ған болса). Мұның орнына бiзге зейнетақы жүйесiн­дегi бәсекелестiк ортасын жойып, кезектi, тиiмсiз супермонополист құруды ұсынды. Бұл супермонополист ел­дегi жұмысқа қабi­лет­тi халықтың ақшасына иелiк етiп, басқармақ. Осыларды саралай келе сiзден:

1. Зейнетақы салымдарымды өзiмнiң жазбаша рұқсатымсыз бiртұтас қорға (оның құрылтайшысы немесе акционерi кiм екенiне қарамастан) аударуға түбегейлi қарсы екенiмдi ескеруiңiздi сұраймын.

2.  Зейнетақы қорлары нарығын заңсыз бөлiске салуға қатысуды қаламаймын, сiздiң қордың салымшысы болып қала бергiм келедi.

3. Қажет болса осы ұстанымымды өкiлеттi лауазымды тұлғаларға немесе өзге де мүдделi мемлекеттiк органдарға жеткiзуге құ­қылысыз.

4.  Менiң зейнетақы салымдарымды сiздiң қордан өзге қорға мәжбүрлi түрде ауыстыру талап етiлген жағдайда, бұл ақпаратты тез арада менiң қаперiме жет­кiзуiңiздi сұраймын. Айдар Әлiбаев.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292