Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4638 0 пікір 27 Ақпан, 2013 сағат 13:04

Қалайсың порталы

Тақырыптық номинация: Демалыс қалай, Денсаулық қалай, Сабақ қалай, Өмір қалай?;
Ресурстық тіл: қазақ;
Ашылған уақыты: 2013 жыл;

http://www.kalaisyn.kz/

Уақыт өткен сайын қазақ интернет кеңістігі жаңа сайттармен толығып келеді. Соның бірі - kalaisyn.kz деп аталады. Жастар мен жасөспірімдерге арналған бұл сайттан жастар аудиториясы өздеріне қажетті дүниелерді оқып, бір-бірімен форумда ой бөлісе алады.

Порталдың бас редакторы Бану Дәулетбаева, редактор бағанында портал оқырмандарына: «Жастық шақ - адам өмірінің көктемі. Ақындар жырға қосатындай, қайта айналып келмейтін өмір кезеңінде адамды алдынан мың сан тарау мен таңдау, үміт пен арман тосады. Болашаққа құрған жоспарлардың бәрі тек қана қиял әлеміндегі қол жетпес сағым болып қалып қоймай, шын мәнінде жүзеге асуы үшін адам баласы өмір желкенінен ұстап, ағыстар мен дауылдарға, кедергілер мен тосқауылдарға қарамастан, алға жүруге міндетті. Бұл - жастық шаққа тән қасиет.

ХХІ ғасыр - жер бетінде бұған дейін болмаған тың серпілістердің, ғаламдық ғажаптардың, дүниені дүр сілкіндірген құбылыстардың ғасыры. Әмәнда кез келген оқиғаның қозғаушы күші - ЖАСТАР. Қазақ жастары -Сұлтанмахмұтша айтқанда, жаңа ғасырдағы халықтың төбесіндегі Күн, көңіліндегі Үміт,  санасындағы Сәуле.

Әр ұлттың жас буынына қарап өзге халықтар оның даму деңгейін, ілімі мен ғылымын бажайлап, болашағына болжал жасай алады.  Жігерлі, жалынды, еркін, білімді, жүректі ЖАСТАРЫ бар мемлекет ертеңіне нық сенімді. ХХІ ғасырдағы әлемдік бәсеке өзгеше мінез көрсетіп, өзінше тұлға болуды талап етеді. Ал біз, қазақ жастары бәсекенің бел ортасында жүргендіктен, өз бойымыздан сол қасиеттерді іздеп табуға тиіспіз.

«Қалайсың» жастар порталына қош келдіңіз, Жас Қазақ!», - деп қайырылыпты.

Қалайсың порталын қарай жүріңіз!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5957