Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7443 0 пікір 28 Ақпан, 2013 сағат 10:59

Аялы алақан: Жансаяның тағдыры

Назерке Инақынқызы. Жансаяның тағдыры

Оңтүстік астанаға тән күнделікті күйбең тіршіліктен кейін кеш бата үйіне қайтқан жандардың өзі - қызықты бір фильм. Бірі жұмыстан шаршап келіп, төсегіне жетер-жетпестен сұласа, енді бірінің шаршағанын үйіндегі сәби күлкісі ұмыттырып жібереді. Бірі кешкі астың қамына кірісіп кетсе, енді бірін достарымен кездесу кеші күтіп тұрады. Бүгінгі күн біріне сәтті, біріне сәтсіз, бірі үшін жақсы, бірі үшін жаман, біріне қуаныш сыйласа, енді бірін мұңайтқан көп күндердің күнделікті көрінісі еді. Осындай кешқұрым уақытта Алматының қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтерде мынадай оқиға болып жаты.

Назерке Инақынқызы. Жансаяның тағдыры

Оңтүстік астанаға тән күнделікті күйбең тіршіліктен кейін кеш бата үйіне қайтқан жандардың өзі - қызықты бір фильм. Бірі жұмыстан шаршап келіп, төсегіне жетер-жетпестен сұласа, енді бірінің шаршағанын үйіндегі сәби күлкісі ұмыттырып жібереді. Бірі кешкі астың қамына кірісіп кетсе, енді бірін достарымен кездесу кеші күтіп тұрады. Бүгінгі күн біріне сәтті, біріне сәтсіз, бірі үшін жақсы, бірі үшін жаман, біріне қуаныш сыйласа, енді бірін мұңайтқан көп күндердің күнделікті көрінісі еді. Осындай кешқұрым уақытта Алматының қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан пәтерде мынадай оқиға болып жаты.

Күні бойы жұмыстан қолы босамай, кеш бата үйіне оралған журналист қыз төрдегі диванға жантая кетті. Ермек болсын деп теледидарды қосып, арналарды ауыстыра бастады. Соңында назарын Малаховтың «Пусть говорятына» тоқтатты. Әртүрлі оқиғаларды қозғайтын токшоудың бұл жолғы тақырыбы «Турецкий Гамбит» екен. Ойламаңыздар, бұл жерде фильм емес талқыға түскен. Мұндағы басты кейіпкер - Түркияның Гүлсум есімді азаматшасы. 2008 жылы жол апатына ұшырап, ауыр халде ауруханаға түскен белгісіз азаматты дәрігерлердің «адам болмайды» дегеніне қарамастан төрт жыл бойы өз баласындай бағып келген түріктің бұл әйелі бүгінде күллі Ресейге танымал болып отыр. Ұлтынан, тілі мен дінінен, аты-жөні, бұрынғы өмірінен бейхабар бола тұра бар аналық махаббатын осы белгісіз жанға арнаған әйелді қалайша құрметтемеуге болады?! Бағдарлама барысында түсірілген сюжеттерді көре отырып, жалғыз осы үйдегі қыздың ғана емес, барлық көрермендердің көзіне жас келгені анық. Бұл бейнематериал жайында жүз рет естігеннен гөрі, бір рет көрген артық.
;version=3&rel=0" />;version=3&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="560" height="315">

 

Бағдарламадан кейін терең ой тұңғиығына сүңгіген қызды телефонның шырылы шынайы өмірге қайтарып алған-ды. Дереу тұтқаны көтерді. Арғы жағынан:

- Сәлеметсіз бе, Бибігүл! Бұл мен ғой Назерке.

- Иә, Назерке, қалың қалай?

- Шүкір, барлығы жақсы. Жаңа теледидардан Малаховтың бағдарламасын көріп сіз есіме түсіп кеттіңіз. Содан бірден сізге хабарласып жатқаным ғой.

- Иә, иә. Мен де көрдім ол бағдарламаны. Қызық екен, мені неге есіңе алдың?

- Осыдан бірер жыл бұрын өзіңіз жүргізген «Аялы алақан» бағдарламасынан Жансая есімді қыздың өмірі жайлы көрген едім. Қолдары жоқ болып туылған бүлдіршіннің өмірге құштарлығын көріп, жүрегім қатты ауырған болатын.

- Бәрі есімде ғой, бәрі... Мен де жүрегі махаббатқа, мейірге толы түрік әйелінің арқасында беті бері қараған жас жігітті көріп отырып, талай оқиғаны есіме алып отырмын. Иә, қолдары жоқ болса да аяғымен тамақ жеп отырған Жансаяның бейнесін қалайша ұмытуға болады?!

- Гүлсумның бейнесі Жансаяға он бір жыл бойы қамқор болған балалар үйінің тәрбиешісі, аты есімде қалмапты, ұлты татар әйелге қатты келеді екен.

- Сен білесің бе, мен де дәл солай ойлап отырғанмын. Менің ойымды оқып үлгеріпсің. Осы кезде мен бағдарламаны егіліп жылап көріп отырмын. Гүлсум Анаға деген менің таңданысым мен сүйіспеншілігімде шек жоқ.Адамға адамның жаны ашуы керек. Әрқашан көмек қолын созу осы күні көбінің ауызша ғана істейтін ісі болып қалса керек. Түркияның бір ғана отбасы барша адамзатқа үлгі боларлық іс жасады. Қалай айтқан күнде де, бұл өмірде жақсы адамдардың әлі бар екендігінің бір көрінісі болды. Жансаяны баққан тәрбиешінің де еңбегін айтпай кетуге болмайды. Қолсыз туылған бүлдіршінді бөлмей, тіпті өзге балалардан артық жақсы көрген әйелді өз басым құрмет тұтамын.

- Жаңартпасаң жадыңдағы да өшеді. Елдің есінде ендігі Жансая қыз қалмаған да шығар.

- Жоқ, Назерке, мен олай ойламаймын. Әлі күнге дейін менің "Аялы алақанымдағы" кейіпкерлерді халық ұмыта қойған жоқ. Электронды поштама күні бүгінге дейін көрермендер хабарласуда... -деп ауыр күрсінген Бибігүлдің әңгімесі мені бір сәт көз алдыма телеарнадағы біз біле бермейтін журналистердің күнделікті қарбалас өмірін елестетті.

Телефонның арғы жағынан шыққан «Сізге не болды? Бәрі дұрыс па?» деген сөздерді бұл кезде журналист қыздың естіген естімегені бір өзіне ғана мәлім еді. Жаңбырдың тамшысындай мөлдір жастары бір бірімен таласа, жарыса ағып жатқандай болып көрінді. Неге? Не үшін? Оны да тек Бибігүлдің өзі білуші еді. Қаншама жарымжан балалармен жұмыс істеген оның білері кім-кімнен болмасын артық екені анық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036