Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 3207 5 пікір 16 Желтоқсан, 2022 сағат 11:58

Роскомнадзор тәуелсіз Қазақстанға талап қоюда

Ресей 24 ақпанда Украинаға соғыс ашқан сәттен бастап, өз ақпарат кеңістігін қатаң бақылауға алды. Арнайы заң қабылдап, сол заңның аясында Ресейлік бағытты қолдамайтын, тәуелсіз, объективті бағытта ақпарат беретін ақпараттық порталдарды бұғаттап тастады.

Арнайы заң бойынша соғысты «арнайы операция» деп атамағандар қудаланып, жазаға тартылды. Абақтыға тоғытылды. Соңғы жарты жыл ішінде «Ресей әскерінің беделіне нұқсан келтірді» деген желеумен ондаған белсендіні Ресей билігі соттады. Оларға әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратты деген айыпты қоса тақты.

Ресей билігі ақпараттың барлығы дерлік Мәскеудің ракурсына сай келгенін қалайды. Себебі бұл 146 миллион халықты бақылауда ұстау деген сөз. Өзге бағыттағы ақпарат алу мүмкіндігі бар әлеуметтік желілердің жұмыстарына кедергі келтіріп, кейбірін бұғаттады. Мысалы әлемедегі ең танымал «Facebook» және «Instagramға» кіруді қиындатты. Бұл ондаған мың Ресейлік блогердің табысына соққы болды. Олардың басым көпшілігі өзге елге кетуге шешім қабылдады, Қазақстанды таңдағандары да жетерлік.

Ресейліктер бұғатталған желілерге кіруді толық тоқтатты дей алмаймыз. Олар түрлі амал-шарғыны қарастыруда. Ең қарапайым түрі VPN сервистік жүйесін қолдану. Алайда соңғы уақытта Ресей билігі бірқатар VPN-дерді де қолдануға тыйым салуда. Мәскеу бұл қадаммен шектеліп қалмай «Wikipedia» мен «Google» іздеу жүйесіне бірнеше мәрте миллиондаған рубль айыппұл салды. Сондағысы «Ресей әскері мен Украинадағы арнайы операция жайлы жалған ақпарат тараттыңдар» деген жаласы.

Енді, міне, Ресей билігі өз ішіндегі ақпараттық күресті қойып, өзге елге ауыз сала бастапты. Ресейдің Роскомнадзоры Қазақстандық «Vlast.kz» сайтына талап қойып, сайтта жарияланған кей мақалаларды өшіруді сұрапты. Егер сайт талапты орындаудан бас тартса, онда Ресей аумағында сайт ашылмайтындай бұғатталатынын да айта кетіпті. Бұл жайлы «Vlast.kz» сайтының өзі жазды.

Ресей сайттағы «Не менее 20 человек погибло в результате ракетного обстрела украинского города Винница» және «Власти Мариуполя заявили о гибели 22 тыс. мирных жителей с начала российского вторжения» деген тақырыппен жарияланған екі ақпаратты өшіруді талап етіп отыр. Осылайша Мәскеу өз қылмысын өз ішінде ғана емес, өзге елде де айтылғанын қаламайды. «Vlast.kz» Роскомнадзордың талабын орындамайтынын нақты айтты.

Роскомнадзор дәл осындай талаппен 15 желтоқсан күні сайтына да талап қойды. Сайтта шыққан «Что происходит в Украине. Главное за день 20 ноября» атты ақпараттар жиынтығын өшіруді сұрауда. Сайт Роскомнадзордың талабы орындалмайтынын нақты айтты.

Ресей осылайша посткеңестік елдерде ресейлік бағыттағы ақпарат болғанын қалайды, сол мақсатта күресуде. Ал Қазақстан билігі болса «Қазақстан аумағын бөлшектеуге ашық шақырып жүрген Ресейлік арналарды жабу үшін сот шешімі керек» деп қашқақтап жүр.

Ка Мырза

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502