Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 3287 15 пікір 17 Желтоқсан, 2022 сағат 16:18

Қазақстан БҰҰ-да Украинаны емес, Ресейді қолдады

15 желтоқсанда БҰҰ Ресейге қарсы резолюция қабылдады. Онда Ресейден агрессияны тоқтату және Украинаның бүкіл аумағынан әскерін алып шығу талап етілген.

«Уақытша оккупацияланған Қырым автономды республикасы мен Севастопольдегі адам құқықтары туралы» құжатты 82 мемлекет қолдаған. Тағы 80-і қалыс қалған.

БҰҰ-да Украина территориялары мен Ресей агрессиясына қатысты осыған дейін қабылданған қарарлардың денінде қалыс қалып келген Қазақстан бұл жолы қарсы дауыс бергендер қатарынан табылды. Ұзын-саны 14 мемлекет Ресейді қолдап, аталған құжатқа қарсы дауыс берген. Олар: Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Иран, Солтүстік Корей мен Сүрия бастаған елдер.

БҰҰ елдері осыған дейін де Қырымға қатысты арнайы резолюция қабылдаған. Бұл жолғы құжатта Ресейдің оккупацияланған Қырым территорияларын Украинаның Херсон мен Запорож облыстарын аннекциялау үшін пайдаланылғаны айтылған және айыпталған.

Бұл құжатта Ресейге «Украина мен Украина халқына өшпенділікті күшейтті», «Ресей агрессиясын ақтау үшін жалған ақпараттар таратты», деген айыптар тағылған.

Резолюция мәтінінде Ресей билігінен Украинаға қарсы агрессияны дереу тоқтату және Украинаның барлық аумағынан (соның ішінде Қырымнан) әскерді алып шығу талап етілген.

Әлемдік БАҚ: «Қазақстан Мәскеудің сенімді серіктерінің бірі саналатын мемлекет. Ол Ресей билігі ашқан соғысты ресми түрде айыптаған жоқ. Және Ресей агрессиясына қатысты осыған дейінгі резолюцияларда қалыс қалған», - деп жатыр.

Қазақстан билігі Ресейдің Украинадан аннекциялап алған төрт облыс пен Қырымды мойындаған жоқ. «Украинаның территориялық тұтастығын қолдаймыз», деп мәлімдеген. Одан бөлек, Қазақстан халқы Украинаға гуманитарлық көмектер жолдаған.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475