Жұма, 18 Қыркүйек 2026
2672 1 пікір 20 Желтоқсан, 2022 сағат 12:56

Еліміздегі 19 ЖЭО-ның жағдайы өте нашар

Еліміздегі 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

«Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған арнайы комиссия жұмысы аясында 37 жылу электр орталығының техникалық жай-күйіне талдау жүргізді. «Қызыл» аймаққа – 19, «сары» аймаққа - 11, «жасыл» аймаққа – 7 ЖЭО кірді», - деді министр.

Ведомство басшысы ЖЭО-лардың жағдайын анықтау 4 шарт бойынша жүргізілген.

«Бірінші – жабдықтың тозуы. Оның орташа тозу көрсеткіші – 66 пайыз. Бұл ретте Орал, Степногор, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларындағы ЖЭО-ның тозуы 80%-дан асады. Елдегі ЖЭО-ның орташа жасы - 61. Оның ішінде ЖЭО-ның шамамен 76%-ы 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр стансаларындағы авариялық ажыратулар саны 2020 жылмен салыстырғанда 5% артты», - деді Болат Ақшолақов.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2848
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 886