Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
2476 3 пікір 20 Желтоқсан, 2022 сағат 13:03

Министр: "ЖЭО басшыларына айыппұл салу керек"

Энергетика министрі Болат Ақшолақов апатқа жол берген ЖЭО-лардың бірінші басшыларына айыппұл салу керек деп есептейді. Бұл туралы ол бүгін Үкімет отырысында мәлімдеді.

«Электр стансаларын, жылу және электр желілерін энергетикалық бақылауды жүргізе отырып, Кәсіпкерлік кодекс шеңберінен шығару ұсынылады. Екіншіден, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын қолданбай бақылау, станцияларды, жылу және электр желілерін жыл сайын кемінде 4 рет тексеру, магистралдық жылу желілерін бақылауды әкімдіктерден министрліктің энергетикалық қадағалау комитетіне беру көзделіп отыр. Нұсқамаларды сот тәртібімен мәжбүрлеп орындату, авариялар мен технологиялық бұзушылықтардың туындауына қарай бақылау жасау, жөндеу жұмыстарына тексеру жүргізу және инвестициялық келісімнің орындалуы, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте айыппұлдарды ұлғайту және оларды кәсіпорынның бірінші басшыларына салу бөлігінде энергетикалық бақылауды күшейтуге бағытталған салалық тәсілдерді қолдау қажет», - деді Болат Ақшолақов.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1321
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2889
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 974
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 905