Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3846 21 пікір 21 Желтоқсан, 2022 сағат 13:29

Немістер: «Мұнайды орыстан емес, қазақтан аламыз»

2023 жылдан бастап Германия Ресейдің мұнайынан бас тартып, Қазақстанның мұнайын сатып ала бастайды. Бұл туралы «Bloomberg» басылымы жазды.

Бұған дейін Ресейлік «Транснефть» бас директоры Николай Токарев: «Германия 2023 жылдың бірінші тоқсанына мұнайға тапсырыс берді», - деген болатын. Бірақ, Германия экономика министрлігі: Токаревтің жалған мәлімдеме жасағанын, Германия жаңа жылдан бастап Ресей мұнайын сатып алмайтынын айтты.

«ҚазМұнайГаз» қаңтар айында Германияға сынақ ретінде мұнай шикізатының алғашқы партиясын жөнелтуді қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚМГ баспасөз хабарлады.

«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу үшін ҚМГ мұнай өндіруші ұйымдарының ресурстары отандық МӨЗ-ге жіберіледі. ҚМГ мұнайының экспорттық көлемі бірыңғай жүйелік трейдер – KMG Trading мекенжайына жеткізіледі. Ол ҚМГ МӨЗ-нің Румыниядағы қажеттілігін жауып отыр. Ал экспорттық өнімнің қалдығы ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде іске асырылады.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, «ҚазМұнайГаз» 2023 жылдың қаңтар айында Германияға сынаққа мұнай партиясын жөнелтуді қарастыруда», - деді ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм МырзағалиевГермания экономика және климатты қорғау министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнермен және «ҚазМұнайГаз» АҚ-да Астана-Германияның солшыл партиясының парламенттік тобының Бундестаг депутаты Кристиан Геркемен кездесуінде.

Кейін Ресейлік «Транснефть» компаниясының ресми өкілі Игорь Демин: «Қазақстан мен Германия арасында мұнай жеткізу туралы уағдаластық болған жоқ», - дегенді айтты. Оның сөзінше, Германияның Ресейден алып отырған мұнай көлемін Қазақстан бере алмайды. Қазақстан тек 3-5 млн тоннадан аспайтын мұнай жіберуі мүмкін, ал Ресей неміс зауыттарына жылына 19-20 млн шікізат жөнелтіп отырған.

Айта кетейік, осыған дейін Германия СІМ басшысы Қазақстанға келіп, екіжақты келіссөздер болған еді.

Айжан Темірхан

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407