Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасын 21 адам ұйымдастырды
Қазақстан бас прокуратурасы "21 адамды Қаңтар оқиғасын ұйымдастырды" деп таныған. Прокуратура күдіктілердің ісін "адамдарды ұйымдастыру", "қару ұрлау" сынды айыптар бойынша саралаған. Бұл туралы бас прокуратура арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров Азаттыққа берген сұхбатында мәлімдеді.
Бірақ прокуратура өкілі "21 ұйымдастырушының" кімдер екенін ашып айтпады.
"Қаңтар оқиғасы ұйымдастырылған, артында тұрған күштер болды. Қандай күштер болғанын әлі анықтаймыз. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр" деді Ожаров Азаттыққа.
Прокуратура өкілі әскери қызметкерлерге "адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалмағанын, әскерилер үстінен "қызметін асыра пайдалану" бабы бойынша қозғалған істер ғана барын айтады.
Азаттық тілшісі Ожаровтан "президент Тоқаев қаңтарда шетелден бандиттер келді деген, олар қай елден келгені анықталды ма?" деген сауалына "қазіргі уақытта ондай ақпарат жоқ" деп жауап берді.
Abai.kz