Рахат Ахмет. Латын алтын болса, қазақ тіліне алтыннан алқа тағайық!
Латын әліппесіне көшу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Оның қайта жандануына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің "Қазақстан - 2050" даму Стратегиясын таныстырған кезіндегі осы мәселе төңірегінде айтқан сөзі түрткі болды.
Бұл мақаламыз және оған қоса тіркелген кесте - осы бір күрделі шаруаны іске асыруға көмек және кейбір байқалмаған тұстарды қайта саралап беруге түрткі болар деп үміттенеміз.
Баршамызға белгілі, әліпби ауыстыру - оңайы емес. Аталмыш жобаны аса бір тиянақтылықпен жүзеге асырып, оны өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға кемшіліксіз ұсынып кетуіміз - өте маңызды. (Мәселен, Малайзия елі әліппесін екі рет өзгертті; Өзбекстан да екі реформаны басынан кешті; Әзірбайжан да келесі реформасына дайындалуда). "Көш - жүре түзелер" деген мақал мазмұны жағынан дұрыс болса да, біз осы бір ауыр жұмысты кейінгі ұрпаққа қалдырмай, әріптердің транслитерациясын заманға сай өзгертіп, бұл жұмысты "Айттым -бітті, Кестім- үзілді" қылып шама-шарқынша қайта оралып түземейтіндей етіп аса жоғары дәрежеде атқаруға міндеттіміз деп ойлаймыз.
Ş, Ü, Ö, Ğ, Ç сияқты түрік әліппесіне лайықталған арнайы таңбалары бар әріптер қазіргі таңда өзінің функциясын атқарып жүрсе де, бұл әріптердің күрделі жақтары да бар:
1. Компьютерде терілуі уақыт алады;

2. Стандартты клавиатурадағы үйреншікті әріптерді өз орнында таба алмайсыз (түрік клавиатурасында I мен İ әріптері төбесіндегі нүктеге байланысты орын алмасқан);
3. Интернетте қолдану аясы тар.
Айталық, қазақ немесе түрік тіліндегі Шөл деген сөзді латынша Şöl десек, оның интернетте Сол боп кетуі ғажап емес. Мәселен, «www.sol.kz». Сөйтіп, Шөл сөзі Сол болып шыға келеді.
Жалпы айтқанда, біздің алдымызда қазіргі таңда үш түрлі жол тұр:
1. Түріктің (Түркия) әліппесін айна-қатесіз көшіру;
2. Басқа елдердің тәжірибесіне сүйеніп, өзімізге лайықталған жаңаша әліппені құрастыру;
3. Қалыптасқан ағылшын тілінің әліппесінің негізінде қазақ әліппесін құру (төмендегі кестеміз осы тезистің шеңберінде жасалған).
Жоғарыдағы 1-ші жол бойынша, біз кейбір сәйкессіздіктерге тап боламыз. Мәселен, түріктің «С» (Дж) әрпіне қазақ тілінде сұраныс жоқ. Өз кезегінде, қазаққа қажетті Ә, һ (немесе Х), І, Ұ, Қ мен Ң әріптері түрікте жоқ. Сонда «Түріктің әліппесін айна-қатесіз көшіру» әдісі бізге лайық болмай тұр. Ал түріктің әріптерін айна-қатесіз көшірмесек, онда бізге жаңаша клавиатура жасап шығуға тура келеді. Бұл - түркі халықтарының ортақ әліппесін құрудың орнына олардан бөлектеніп, алшақтауға әкелуі мүмкін. Ал түріктердің қолданысындағы әліппені идеалды әліппе деуге аузымыз бармайды. Себебі, ағылшын тілінде жазылған бойда түріктің сөздері құбыжыққа айналады. Мысал ретінде, Yıldızçiçeği(Йылдыз чичеғи) сөзін келтіруге болады. Арнайы әріптер терілмеген жағдайда тап-тамаша, әп-әдемі «нарғызгүл (георгин) гүлі» деген мағынаны білдіретін Yıldız çiçeği сөзі - түсініксіз Yildizcicegi (Йилдиз Сисеги) деген сөзге айналып кетеді. Сол сияқты жоғарыда келтірген Шөл сөзін айтуға болады. Арнайы әріптерді қолданбастан жазылған «Sol adam sol jaqqa ketti» деген сөйлемді төрт түрлі оқуға болады:
1. Сол адам сол жаққа кетті;
2. Сол адам шөл жаққа кетті;
3. Шөл адам сол жаққа кетті;
4. Шөл адам шөл жаққа кетті.
(Шөл адам деген болмайды ғой десеңіз, соңғы екі нұсқаны алып тастаңыз. Алайда, «Мақта қыздың» болмысы сияқты «Шөл адамның» болмысы да әбден мүмкін...)
Жоғарыдағы мысалдан арнайы әріптердің тілді күрделендіріп кететіндігін анық байқауға болады. Ал бұның өзі біз мақсат тұтқан - тілді оңтайландыру, тіл үйренуді жеңілдету, қазақ тілін ақпараттық технология заманына лайықтандыру қағидаттарына теріс келеді. Жақында өткізілген сауалнама нәтижесі бойынша, Түркияда тұратын түріктердің барлығы дерлік түрік тілінде хабарлама жазғанда түріктің арнайы әріптерін қолданбайтыны белгілі болды. Өйткені көптеген жаңаша коммуникативтік құралдарда (смартфон, планшет) лайықталған түрік клавиатурасы жоқ; болғанның өзінде де оның қолданылуы күрделі және де виртуалды клавиатура экранның тең жартысын алып тұрады.
Біздің ұсынған әліппеде диакретикалық белгілер ғана қолданылады. Бұл да тілді күрделендіреді әрі жоғарыдағы «Шөл» сөзінің басынан өткен жағдайды да басынан кешіреді. Алайда, арнайы әріптерін іздеп теру (Ş, Ö, Ç, Ü, Ğ) және ақыр соңы бәрібір дұрыс оқылмаудың (Şöl сөзі Sol деп оқылып кетуі мүмкін) орнына біздің ұсынған нұсқаның әлдеқайда қолайлы болатынын ойлаймыз. Латын әліппесінің негізінде жасалған клавиатурада диакретикалық «'» белгісін бір рет басу арқылы, яғни оңай терілетінін естеріңізге сала кеткен де жөн (Кирил клавиатурасындағы «Э» әрпі).
Алда жұмыс көп. Бірақ нәтижесінде ұрпақтарымызға заманға лайықталған латын әріптерінің негізінде құралған қазақ әліппесін мұра етіп қалдырамыз.
Сонымен, назарларыңызға латын әліпбиіне негізделіп жасалған қазақ транслитерациясын ұсынамыз. Әліппе қолданыстағы кирилл әліппесінің әріп тізіліміне қарай жасалғанын айта кетейік.
Қысқартылған Кесте*:
КИРИЛЛ ЛАТЫН МЫСАЛ
А A a Alma=Алма
Ә A' a' A'sem=Әсем
Б B b Bauirsaq=Бауырсақ
В V v Vagon=Вагон
Г G g Gu'l=Гүл
Ғ Gh gh Gharysh=Ғарыш
Д D d Didar=Дидар
Е Ye ye Yernar - Ернар
Ё Yoyo Slyot=Слёт
Ж J j Jaryq=Жарық
З Z z Zeynet=Зейнет
И I i Industriya=Индустрия
Й Y y Ы немесе Й - контекстке қарап: Dostyq=Достық, Toy=Той
К K k Ku'n=Күн, Ku'y=Күй
Қ Q q Qazaq=Қазақ
Л L l Lezde=Лезде
М M m Mereke=Мереке
Н N n Nan=Нан
Ң Ng ng Qangtar=Қаңтар; Bizding=Біздің
О O o Oraq=Орақ
Ө O' o' O'mi'r=Өмір
П P p Perde=Перде
Р R r Renat=Ренат
С S s Sayahat=Саяхат
Т T t Talghat=Талғат
У U u Uyq=Уық
Ұ U u Burwaq=Бұршақ
Ү U' u' Gu'l=Гүл
Ф F f Finlyandiya=Финляндия
Х H h Hleb=Хлеб
Һ H h Ga'uhar=Гәуһар
Ц Tsts Yeltsin=Ельцин
Ч C c Ceburawka=Чебурашка
Ш W w Waxanov=Шаханов
Щ W' w' W'yotka=Щётка
Ъ ' Pod'yezd=Подъезд
Ы Y y Tyshqan=Тышқан
І I' I' I'ngi'r=Іңір
Ь ' Mel'nitsa=Мельница
Э E e Elmira -Эльмира
Ю Yu yu Yug=Юг
Я Yaya Finlyandiya=Финляндия
*Chanel әтір суы - Чанэл емес, Шанель. Ағылшынша Mishap деген сөз бар. Қалай оқыдыңыз? Мишэп емес, Мисхэп деп оқылады. Сол сияқты umbrella деген сөз Умбрелла емес, Амбрелла деп оқылатынын баршамыз білеміз. СондықтандаWahanov, Talghat, mening сияқты сөздердің уақыт өте үйреншікті болып кететіні анық.
** Q, X, W әріптері арнаулы әріптер санатына қосылады. Әр тілде олардың оқылуы ерекшелене береді. Мысалы, Urumqi=Урумчи, Quran=Құран, Xinhua=Синхуа. Біздің мысалымызда Ч әрпі C деп алынды. CH-дің орнына жалғыз C деп жазу әлдеқайда оңай емес пе?!
***Кестенің түсініктеме мен дәлелдерімен толық нұсқасы авторда.
Рахат АХМЕТ, ҚазҰУ магистранты
Abai.kz