Жұма, 22 Қараша 2024
2015 2 пікір 28 Желтоқсан, 2022 сағат 14:38

2023 жылдың басында Елбасы туралы заңның күшін жою Парламентте қаралады

Келер жылдың басында өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы туралы заңның күшiн жоюға қатысты құжат қаралады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Е. Қошанов аталған заңның күшін жою мәселесі Парламентте 2023 жылдың басында қаралатынын айтты.

«Бұл Конституциялық заң болғандықтан, бұл құжат Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады. Сондықтан қаңтар айында бірлескен отырысы өтіп, бұл мәселе қаралады. Аталған заң толық күшін жояды», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл құжат бойынша шешім қабылданса, заңдағы нормалардың барлығынының күші жойылады.

«Сол заңда көрсетілген артықшылықтардың барлығы күшін жояды. Бірінші президентке де, болашақ президенттерге де экс-президентке қатысты нормалар бірдей қолданылады. Егер заң күшін жоса, онда қарастырылған иммунитеттің заңды күші болмайды», - деді Мәжіліс төрағасы.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269