Ғайбат сөз, артық болады!
Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды,
ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.
Бауыржан Момышұлы
Өздеріңіз білесіздер, ұзақ жылдар бойы кәрі құрлық елдері мұсылман елдерін, террористтер, сепаратисттер, деп барлығы айтпаса да, біразының осылай қаралап, кір жағып, айналадағы шартарап елдерінің ой-санасын улап келе жатқандығын түсінеміз. Тіпті, Еуропалық мемлекеттердің кейбір басшылары да, кезінде осылай деп айтқанын анық естігенбіз. Алайда, мүлде олай емес қой! Кейбір ланкестік ұйымдар болмаса, жалпы, мұсылман халықтары қолын қанға бояп, өзгенің шаңырағын ортасына түсіріп, елін қиратудан, талқандаудан мүлде аулақ елдер. Олар Аллаға қараған ұлттар ондай зиянкестік әрекеттерге бара қоюы екіталай. Дегенмен, біздің елімізде ұлттық саясат ақсап тұрған соң, кейінгі жастарымыздың қайсыбір топтары кәрі құрлық елдерінің, тіпті, солтүстіктегі көршіміздің айтқандарымен, үгіт-насихатына сеніп қалатын секілді. Осы орайда, орыстың танымал жазушысы және ғалымы Александр Бушковтың ғылыми еңбегінде мынандай жолдарды кездестіресің:
Мусульманский мир всегда был крепок, духовно чист и исполнен веры в единого Бога. Но вот что случится с заместившей европейцев мусульманской массой, глотнувшей отравы... Как ни крути, а получается что – то унылое.
Азия остается Азией. Великий континент, который просто невозможно угробить в силу как его необозримости, так и того трудноопределимого словами многотысячелетнего азиатского духа, что недоступен пониманию европейцев. Наш континент видел слишком многое, чтобы опускать руки даже при всеобщем катаклизме. Даже сегодня все эти ГЭС, леспромхозы, ядовитые химические комбинаты, города и прочие сомнительные достижения европейской цивилизации занимают чересчур ничтожную площадь Великого Континента, чтобы причинить ему вред. Все это временное, а наш любимый континент останется. Над ней за тысячелетия пронеслось слишком много, и потому коренная философия проста, перекликаясь с убеждениями премудрого царя Соломона: все проходит, и это пройдет...
Европейцы любят шулерскую подмену понятий: свою кончину они без всякого на то права отождествляют с кончиной всей белой расы. А это, простите, чушь собачья. Европейцы – всего лишь одно из племен белой расы, не самое честное, не самое умное, не самое лучшее. И не более того.
Вообще, деление человечества на «белую» и «желтую» расы придумал сотни полторы лет назад какой – то очередной европейский ученый придурок (мне лень разыскивать по книгам его фамилию). Придумал «белых», «желтых», а заодно и американских «краснокожих», хотя ничего подобного нет и не было.
А посему, что бы там в Европе ни творилось, что бы ни делалось во всех других местах, судьбу Азии предсказать легко. Она просто вернется к своим истокам, к той дороге, откуда ее увела Европа. Тысячелетние традиции великих каганатов, выверенные и благородные законы ханов Великой Степи – неплохое подспорье.
Жизнь вновь станет неспешной, незатейливой, но честной, гораздо чеснее той, что кипела в Европе. Потому что Тенгри, великое небо – та единственная вещь, что существует, пока существует Вселенная. В отличие от всего остального. Неизменное, вечное, недоступное земной грязи Вечное Небо над головой. Уткнувшейся рылом в землю Европе этого никогда не было дано понять.
Тағы бір айтарым, қаңтар айында өткен дүрбелең кезінде де, біздің кейбір жазғыштарымыз: «Қазақ тілді отбасылар кедей тұрады, орыс тілді жаңұялар бай тұрады, сондықтан қазақ тілділер әлеуметтік қиыншылыққа шыдамай, көтерілді», - деп ауызына келгендерін айтып, лепіргендері бар.
Мен өзім еліміздің солтүстігінде талай жыл еңбек еттім. Бірақ, солтүстік өңірлердегі тұрғындарымыздың (қазағы да, орысы да) республикамыздың шығысы мен оңтүстіктегі тұрғындардан асып кеткен ешқандай байлығын көрмедім. Қайта, шығыс пен оңтүстіктің адамдары әлде қайда ауқатты және тыным таппайтын еңбекқор келеді. Жастайынан егін салып, бақша өсіріп, жеміс-жидек жинап, маңдай терін төгіп, белі талып еңбек етіп өседі. Солтүстікте жүргенімде, осындай қимыл-қозғалысқа, әрекетке толы ел-жұртты көрмедік. Неміс пен орыс болмаса, саяжай өсіріп, тырбыңдап жүрген қазақты анда-санда ғана көретінбіз. Сонымен қатар, шығыс және оңтүстік жаңұялары ана тіліне адал, дәстүріне берік, мұсылман дінінің ықпалында тұрады. Тіпті, олар, орыс және ағылшын тілдерінде де ешбір ұлттан кем білмейді. Сондықтан, өзің көрмей, қолыңмен ұстамай, сырттан сөз айту, албаты кір жағу, ғайбаттау артық болады деп ойлаймын.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Abai.kz