Ұлттық арнаға - 55 жыл!
1951 жылдың 22 наурызы күні КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Бүкілодақтық радиоақпарат комитетінің құрамында КСРО-ның Орталық теледидары құрылды.
1957 жылдың басында басында Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарды. Сөйтіп, 1957 жылдың 29 маусымында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы Қаулы қабылдады.
1958 жылы Қазақстанда тұңғыш рет телевизия пайда болды. Сол кездегі республика астанасы Алматының тұрғындары 8 наурыз күні тұңғыш рет өз экрандарында Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары: Зұлхия Жұматова мен Нейля Омарованың дидарын көрді. Олар көпшілікті Алматыда теледидар хабарларының басталуымен, ал, әйелдер қауымын мерекелермен құттықтап, жылы лебіз білдірді. «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді. Осылай, қазақ топырағында «көгілдір экран» деген атпен, өнердің жаңа түрі «теледидар» өмірге келді. Бұл кезде Алматы қаласында бар-жоғы 4000, Алматы облысында 100-ге тарта теледидар бар еді.
Қазақ теледидары ресми түрде 16 наурызда ашылды. Республикамыздағы алғашқы телехабарларды даярлап, эфирге беруге Алматы телестудиясының тұңғыш директоры Х.Абылғазин, Бас редакторлар С.Нұрғалымов, И.Саввин, Бас режиссер Л.Ғалымжанова, телеоператорлар И.Смирнов, И.Сагитов, суретші Э.Немирский т.б. қатысты.

60-жылдары футбол матчтарынан, концерттерден, мерекелік іс-шаралардан тікелей эфирдегі репортаждар жүргізіле бастады. КТ-6 деп аталатын камералардың салмағы 60 килограммға дейін жететін.
1958 жылдың желтоқсанында Алматы студиясы Бүкілодақтық экранға бес сағаттық бағдарламамен шықты. Бұл тұста қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі жүріп жатқан болатын. Сол жылдардағы қиындықтарға қарамастан 1959 жылдың сәуіріне дейін Қазақ теледидары 333 бағдарлама дайындап, 497 кинофильм мен киножурнал дайыдап үлгерді.
Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары Қаз ТВ түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы 7 сағатқа, қызметкерлер саны 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Бұл кездері Алматыдағы түрлі түсті «көк сандықтың» саны 71 мыңға, ақ-қара «көк сандықтың» саны 294,1 мыңға жеткен-ді.
1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды.
Бүгінде Ұлттық арна 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, жүз пайыз қазақ тілінде жүргізілсе, 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығынан хабар тарата бастады. HD форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда.
Abai.kz