Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Анық 4053 5 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 13:30

Пеле Путинге: Зұлымдықты ақтап алу мүмкін емес!

2022 жылдың 1 маусымында Пеле Путинге хат жазып, соғысты тоқтатуын сұрайды. Біз Пеленің Путинге жазған үшбу хатын Abai.kz оқырмандарына ұсынбақпыз:

“Владимир Путин,

Украина құрамасы тым болмағанда 90 минутқа өз елінде болып жатқан трагедияны ұмытуға тырысады. Сансыз адамның тағдыры мен өмірі таразыда тұрғанда әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресу, дәл қазір олар үшін өте ауыр, өте қиын.

Мен осы бір матчты өтініш жасауға мүмкіндік ретінде қолданғым келеді. Болып жатқан сұмдықты тоқтатыңыз! Жалғасып жатқан зорлық-зомбылықты, зұлымдықты ақтап алу мүмкін емес. Бұл қақтығыс ақталмайды, бұл қақтығыс қайғы-қасірет, қорқыныш-үрейден басқа ештеңе де бермейді. Оны ары жалғастырудың еш қисыны жоқ.

Екеуміз кездесіп, бір-бірімізге күле қарап, ұзақ қол алысқан сәтте, күндердің бір күнінде дәл осылай бөлінеміз деп ойламадым. Қарулы қақтығыстар ұлттарды бөледі, ал балалардың арманын үйіндіге айналдырып, бейкүнә жандарды өлтіріп, шаңырақтарды ортасына түсіретін шабуылдарды ақтап алу мүмкін емес.

Мен сексен жылдан астам өмір көрдім. Сол аралықта айуандық пен қатыгездікті өз халқының қауіпсіздігі үшін деп ақтап алғысы келетін жауыз көшбасшылардың үндеуін көрдім. Біз бұны доғаруымыз керек. Мен өз-өзіме үнімді үнемі әлемдегі бейбітшілік үшін қосамын деп уәде еткенмін.
Бұл қақтығыста тоқтату сіздің қолыңызда. 2017 жылы Мәскеуде менімен қол алысқан қолыңызда тұр.”

Пеле Путинмен 2017 жылы, желтоқсан айында Мәскеуде кездескен еді. Ол 2018 жылы Ресейде өткен футболдан әлем чемпионатына жеребье тарту рәсіміне қатысқан болатын.

Ка Мырза

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048