Жұма, 2 Қазан 2026
3783 6 пікір 30 Желтоқсан, 2022 сағат 13:09

"Млечинге Қазақстан тергеушілері ақпарат берген"

Парламент депутаты Азат Перуашев Қаңтар оқиғасы жайлы жазған ресейлік жазушы Леонид Млечиннің кітабы жайлы пікірін білдірді, деп жазды Ulysmedia.

«Ресейлік журналистің дәл сол жайлы жазғаны қызық. Ол кітапта бізге, тіпті Парламент депутаттарына беймәлім деректер келтірілген. Бұл тұрғыда менде біраз сұрақ туындайды. Шетте отырып, бізден гөрі көп біледі екен. Менің күдігім бар – тергеушілер оған біраз ақпарат берген сияқты», - деді ол.

Еске сала кетсек, ресейлік жазушы Млечиннің Қазақстандағы қаңтар оқиғасы жөнінде жазған кітабы қоғамда қызу талқыланып жатыр. «Трагический январь. Президент Токаев и извлечение уроков» кітабын оқығандар кітапта бұған дейін қаңтар оқиғаларының Қазақстанда айтылмай келе жатқан деректері қамтылғанын айтады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 350
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 372
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 516