Сенбі, 23 Қараша 2024
1705 7 пікір 5 Қаңтар, 2023 сағат 13:34

Депутат: "Қазақ ҰҚШҰ көмегі үшін ешкімге қарыз емес"

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым: «ҰҚШҰ-ның бірде-бір сарбазы ел ішіне араласқан емес, мемлекеттің тұрақтылығы тек өз әскеріміздің, полициямыздың арқасында ғана жүзеге асты», - деді бүгінгі Мәжіліс отырысында.

Депутат ҰҚШҰ әскерінің елге келуі туралы дақпырт тарағанын айтты.

«Орыс немесе қырғыз әскері халыққа оқ атты деген дақпырт бар. Шындығында олай болмаған. ҰҚШҰ қосындары өз еліміздің арнайы мамандандырылған күштерін босатып, елдегі конституциялық тәртіпті орнату жұмыстарына бағыттауға жол ашты.

ҰҚШҰ-ның бірде-бір сарбазы ел ішіне араласқан емес, араласуы да мүмкін емес еді. Олар тек техникалық көмек функциясын жүзеге асырды. Елдің, мемлекеттің Тәуелсіздігі, тұрақтылығы тек өз әскеріміздің, полициямыздың арқасында ғана жүзеге асты. Бұл тұрғыдан қазақ елі ешкімге де қарыздар болған емес, болмайды да», - деді Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347