Сенбі, 23 Қараша 2024
1568 5 пікір 6 Қаңтар, 2023 сағат 14:41

"Дикий Арман" әлі қамауда болады

Арман Жұмагелдиевті  (Дикий Арман) қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, ол былтыр 7 қаңтарда ұсталды. Бас прокурор Берік Асылов кеше Мәжіліс отырысында мәлім еткендей, тергеу нұсқасы бойынша қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда Жұмагелдиев (Дикий Арман) ерекше рөл атқарған», оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340