Әлеуметтік төлемдер мөлшері артты

Биылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдердің мөлшері артты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 қаңтардан бастап жұмыссыз қалған, еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті. Олар:
жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем 13 пайызға;
еңбек қабілеттінен және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдер 8,5 пайызға өсті.
Сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылып отыр. Биыл бұл төлем 500 мыңнан астам ата-анаға тағайындаламақ.
Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер жұмыс істеген және ай сайын қорға жарна аударған адамдарға базалық мемлекеттік төлемдермен бірге беріледі.
Abai.kz