Жексенбі, 14 Шілде 2024
46 - сөз 3009 7 пікір 9 Қаңтар, 2023 сағат 13:42

"Украинадан соң, келесі Қазақстан" деп айтуға тіл бармайды, бірақ...

"Ресей Украинадан соң кез келген ТМД елдеріне соғыс ашуы мүмкін" деген сөз кәдімгідей ойландырады.

Мені де осы тақырып біраз ойға шомдырды.

"Украинадан соң, келесі Қазақстан..." деп айтуға тіл бармайды, жаман айтпай жақсы жоқ ырымға жаман, елге жау шақырғандай болмайын.

Екінші жағынан, Ресейдің тап қазір өзге ТМД елдерінің арасында бізден артық қайшылықтары қызып тұрған мемлекеттер баршылық. Мысалы Әзірбайжан, Қарабақ дегендей..

Кремль оған да кіжініп қояды.

"Ресей Молдоваға әне басып кіргелі отыр, міне кіреді" деген де сөз көп айтылуда.

Одан есі кеткен импершілердің не ұтарын кім білген, десе де аяқтай Молдова үшін ондай қауіп бар.

Мәскеу қазір бұрыңғы совет республикалары - Балтық жағалауы елдеріне қалай басып кіріп оған десант түсіретіндігі туралы ток шоуларында анық айтып карта сызып ашық көрсетіп жүр.

Армения да қазір Ресейдің ықпалынан кетіп барады десе де болады.
Яғни, қазір кез келген бұрыңғы совет республикаларының бірі демде геосаяси тұрғыда басқыншы орыстың нысанасы болуы мүмкін.

Сондықтан бұ жерде "келесі пәлен, келесі түген" демей - ақ кез келген бұрыңғы совет республикаларының бірін алып қарастыра берсе болады.
Біріншіден, ол соғыс болса да бүгін ертең болмайтын соғыс тәрізді. Менің ойымша келесі соғысқа дайындалу үшін Ресейге кем дегенде 2 - 3 жыл уақыт керек, бұл кем дегенде 2 - 3 жыл, қайран 2- 3 жыл...

Соғыстан зорығып демігін басуға Украинадан перемирие сұрап жүрген Ресей келесі соғысқа тап қазір сақадай сай деген сөзге үйдегі итім де сенбейді. Ресей қазір соғыстан зорығып отыр, яғни ол соғысқа әскери тұрғыда дайын емес.

Украинада — Ресей әскери тұрғыда өте үлкен шығынға ұшырады, соғыс ұзарған сайын әлі тағы ұшырай бермек. Оның орнын толтыру үшін оған ондаған жылдар керек.

Анау тік ұшақ, әскери ұшақтың ұшқыштары, танкист, зенитчик, ПВО саласының мамандары, тағы басқа сол сияқты жақсы мамандарды дайындау үшін оған ондаған жылдар керек. Бұндай орыстың әскери мамандары Украинада қазір жүздеп, мыңдап қырылуда.

Техникасы, әскери жабдықтары, танкі - санкі, ұшақ, бмп, град, бук, бұлар да мыңдап талқандалды, шытырлап жанды, түтіндеді. Оның орнын толтыруға кем дегенде он жыл керек, үлкен қаражат керек, жұмыс қолдары керек.
Баяғыдай балаларын қырманда өгізге отырғызып жер жыртып, қатындарын станокқа тұрғызып бүкіл ел экономикасы соғысқа тұруы керек, күллі ел ұрандау керек.

Сондықтан, қазір орыс үшін телевизорға кіріп алып, "ананы басып аламыз" , "мынаны басып аламыз" деудің орыны бір бөлек, ал оны іске асырудың жөні бір басқа. Бұ жерде орекеңе алдымен көтенге қарап алу керек боп тұр. Оның қазір екінші соғысқа тап қазір кірісуге шамасы жоқ. Оны өзі түсінбесе - ақымақ болғаны.

Екіншіден, хош делік, орыс Украинадан соң тағы бір көршісіне басып кірді делік. Оның арты қандай болуы мүмкін, соны жобалап көрелік.
меніңше бұндай жағдайда Украинадан соң келесі орыс басып кіретін ел үшін ең үлкен міндет, тіпті парыз, ол — орыстың басқыншылығына үш айдай мерзімде тойтарыс беру.

Ары қарай жығылса жер көтереді демекші менің ойымша үш айдан соң ол елге жан - жақтан жәрдем ағылады, жері көтере бастайды.

Ол елге алдымен АҚШ тан көмек келмек деген ойым бар. Себебі АҚШ тың қазіргі қорғаныс доктринасы сондай. "Біздің мақсатымыз - Ресейді көршілеріне шабуылдай алмайтын деңгейге түсіру, оны шектеу" деген сөз қорғаныс министрі Ллойд Остиннің ауызымен айтылып жүр. Соғыс өрті тұтанса міндетті түрде ол елге алдымен АҚШ жетеді. АҚШ бұл соғыста да орыс қарсыласының жәрдемшісі болады деп ойлаймын.

Жалпы АҚШ енді ресейді толық залалсыздандырып ядролық қаруын тартып алмай тоқтамайтын сияқты.

Тағы бір одақтас, егер басқыншылыққа ұшыраған ел түркі текті ел болса, оған Түркиядан ауқымды көмек келеді деп шамалаймын және түріктердің оған көмегі орасан көп болады деп жобалаймын.

Сосын бір қызығы - ол елге Украинадан да үлкен көмек келеді. Ол елге Украинадан топырлаған әскери инструкторлар, мамандар, кеңесшілер ағылады деп ойлаймын. Украиндықтар ол елде өздерінің орысқа қарсы мол тәжірибелерімен бөліседі. Әскери тәжірибесімен, ақпараттық салада - ақпараттық майдан жүргізу, дипломатиялық салада кіммен қалай сөйлесу дегендей...

Баяғыда Кавказда, Дудаевтың қасында украиналық Уна УНСО, УПА, Сашко Белый дегендер барып алып орысқа қарсы біраз соғысқан болатын. Бұлар сол кезде уже соғысып жүр.

Ал қазіргі Украина өзінің бесіктегі баласымен, көшедегі бомжына шейін "Ресей күйресе екен" деп тілейтін ел. Олар енді күллі жаһан бойынша осы мақсатпен орекеңнің соңына түседі. Қай жерде орыс қылт етсе сол жерде міндетті түрде оған қарсы бір украин жүреді деп шамалаймын.
Сондықтан келесі орыстан басқыншылық көретін елдің ең маңызды досы осы украиндықтар болуы мүмкін.

Бір сөзбен айтқанда Ресейден басқыншылық көрген ел жалғыздықта қалып қояды деп ойламаймын. Оған жаһандағы ресейден мезі болған адамзат баласы тағы үлкен жәрдем береді деп шамалаймын. Ресей бастаған ылаңға нүкте сол жерде қойылуы мүмкін.

Жалпы, Украинадағы соғыстың аяғы қалай бітеді, оның ресей үшін маңызы жоқ. Украинаның енді жеңілмейтіні анық. Бірақ енді Ресей деген империя да жоқ. Ресей империя ретінде жойылды. Империя деп өз маңында өзіне ешқандай қарсылас көрмеген бір геосяаси озбыр гегемонды айтады.
Ал Мәскеудің дәл желкесіне қазір Украина деген бір мықты ойыншы ел отырды, яғни батыс жасап берген бақталасы. Ол бақталасы енді оның қанын ішеді.

Желкесінде бір күндесі төніп, күнде оның құлдырап күйреуін тілеп, батыстың қолдауымен соған үздіксіз жұмыс істеп оны аңдып отырса, ол елдің империялық саясатын жүргізуі қиындайтын сияқты . Ондай жағдайда орыс ішкі проблемаларынан артылмай өз қара басымен қайғы болып кетуі мүмкін.
Бұны қазір меніңше көбісі әлі түсініп отырған жоқ. Бірақ Украинаны бұдан соң батыс елдері орыстың мойнына мығымдап отырғызып, украин қолымен Кремльдің озбыр сұғанақ саусақтарын балғамен ұрып отыратын болады.

Олжас Әбіл

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1193
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 1866
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 1912