Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3832 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 13:36

Құмыра мерекесі

14 ақпан мен 10 наурыз аралығында Үндістанның Утар Прадеш штатында орналасқан Аллахабад қаласында үнділердің Кумбха-мела - Құмыра діни мерекесі өтіпті. Бұл әлемдегі ең көп адам қатысатын діни мерекелердің бірі. Биылғы жылғы Құмыра мерекесіне Үндістанның әр жерінен 120 миллион адам келіп қатысқан.

Діни мейрамға садхуларда келеді. Садху - мейірімді адам деген мағына береді. Садхулар -  дүние ісінен тыйылып, Құдайды тану жолына біржола бет бұрған дін адамдары. Олар тропикалық ормандарда, үңгілерде бүгінгі үнді қоғамынан тыс, бөлек өмір сүреді. Бұлар мүлде киім кимейді. Ауқаттары тек қана жеміс-жидек.

Садхулар медитациялық жолмен дене мүшелеріне адам сенгісіз тәжірбие жасайды екен. Суретте - егде жастағы садху оң қолын ұзақ жылдар бойы бір сәтке де түсірмей көтеріп ұстап жүрген. Нәтижесінде оның қолы әлдебір ағаштың салалы бұтағы сияқтанып қатып-семіп қалған. Тырнақтары иректеле өскен. Кейбір тырнақтары шіріп түсіп қалғаны да көрініп тұр.

Әлемде талай қызық бар деген осы болар.

Cурет пен мәлімет voxpopuli.kz сайтынан алынды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402