Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін мен тін 2362 10 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 12:32

Дін саясаты: Елімізде 3808 діни бірлестік бар...

Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына жеке мемлекет құрған жылдары, діни ахуал да өзіндік сенім бостандығына ие болған еді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 31 жылы ішінде әлемдік қауымдастық мойындаған, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді табысты ілгерілетуде бірегей тәжірибесі бар егеменді мемлекет ретінде қалыптасты.

Қазіргі таңда елімізде әртүрлі этностар мен конфессия өкілдері толеранттылықтық ақ туын желбіретіп, бір-бірін мәдени тұрғыдан өзара байытып өмір сүруде. Республика аумағында алғаш рет Қазақстан халқының мәдениетін және дәстүрлі рухани құндылықтарын дамыту үшін қажетті саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасуда.

Еліміздің Конституциясына сәйкес тілі мен дінге көзқарасына қарамастан барлық азаматтардың заң алдында теңдік қағидаттарына және әрбір азаматтың жеке наным-сеніміне құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасты.

Жалпы қабылданған әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтарының құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы.

Мәселен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық құқық пен еліміздің Конституциясында көзделгендей әркімнің ар-ождан бостандығы құқығын іске асыруға бағытталған, ол дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың және ұлттық мүддені қорғаудың құқықтық негізі болып табылады.

Қолданыстағы заңнама аясында діни бірлестіктердің қызметі реттелген, миссионерлік қызметті жүзеге асыру, діни іс-шараларды, дінтану сараптамаларын жүргізу, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату тәртібі айқындалған

Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3808 діни бірлестік ел игілігі үшін жұмыс жасап жатыр. 2673 – ислам, проваслав – 343, католик – 83 және т.б. бірлестік-филилалдар жұмыс жасауда. Олардың ішінде саны жағынан ең көбі ханафи мазхабындағы ислам мен православиелік христиан діні. Сондай-ақ католиктер және протестанттар конфессиялары, иудейлер, буддашылар және басқа да қауымдар бар.

Республикада 3464 ғибадат үйі тіркелген, оның ішінде 2550 мешіт, 294 православие және 109 католик шіркеуі, 495 протестант храмы мен ғибадатханасы, 7 иудей синагогасы, 2 буддашылар храмы, 7 «Кришна санасы қоғамы» және бахаи қауымының ғибадатханасы бар.

Қазақстан ел ішінде тұрақтылық пен келісімді сақтауда, әмбебап жалпы адамзаттық құндылықтардың жалпы ұлттық бірлігін нығайтуда діннің маңызды рөл атқаратынын, түрлі діндер мен конфессиялардың бірге өмір сүре алатынын және толық өзара түсіністік пен сыйластық негізінде үйлесімді дами алатынын әлемге айқын танытып келеді.

Қазақстан көп этносты және көпконфессиялы тәуелсіз мемлекет ретінде мемлекеттік билік органдары мен діни бірлестіктер арасындағы өзара қарым-қатынастың өзіндік үлгісі мен тәртібін қалыптастыруда.

Республика адам құқықтары мен бостандығын қорғау саласындағы әмбебап көпжақты халықаралық шарттарға қатысушы мемлекет болып табылады.

Жанна Қажмұқанқызы Қадырқұлова,

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы маманы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377