Сенбі, 23 Қараша 2024
1782 0 пікір 11 Қаңтар, 2023 сағат 13:14

2022 жылы Қазақстан 84,2 млн тонна мұнай өндірді

2022 жылы Қазақстан 84,2 млн тонна мұнай өндірді, бұл жоспарланған көлемнен 1,6% - ға жоғары.   Газ өндіру көлемі 53,3 млрд текше метрді құрап,  жоспарланғаннан 3,1% - ға артық болды, деп хабарлады Үкімет отырысы барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

"2022 жылдың қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 84,2 млн. Тоннаға жетті, яғни 2022 жылғы жоспарды 101,6% -ға орындады. Теңіз кен орнында 29,2 млн.тонна мұнай өндірілді, жылдың жоспары 100%-ға орындалды. Қарашығанақ кен орнында мұнай өндіру 11,3 млн. тоннаны, 103,8% - ды құрады. Қашағанда мұнай өндіру көлемі 12,7 млн.тоннаны, 109,5%-ды құрады", - деді Ақшолақов.

Оның айтуынша, 2022 жылғы мұнай экспорты 64,3 млн. тоннаға жетті.

Сонымен қатар, 2022 жылы газ өндіру көлемі 53,3 млрд.текше метр газды, 103,1% - ды құрады, ал тауарлық газ өндірісі 27,8 млрд. текше метрді құрап, жоспардың  94% - ын орындады. Мұны Энергетика министрлігінің басшысы Орынбор газ өңдеу зауытында Қарашығанақ газын қабылдауды шектеуге, сондай-ақ теңіз және Қашаған кен орындарында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарына байланысты деп түсіндірді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377