70 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 500 мектеп бар
Қазақстанда 70 жыл бұрын салынған 500 мектеп бар. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп жазды Ulysmedia.
«Қазіргі таңда апатты жағдайдағы 37 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» аясында толық шешіледі. Елімізде 500 мектеп 70 жылдан артық жұмыс істеп келеді», - деді ол министрліктің алқа отырысында.
Вице-министр үш ауысымды мектептердің проблемасы халық көп шоғырланған қалаларда өзекті екенін айтты.
«Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Алматы облыстарында үш ауысымды мектеп мәселесі бар. Министрлік үш жыл ішінде бұл мектептердің мәселесі шешіледі деп жоспарлап отыр. Қазір есепте бар», - деді Шолпан Каринова.
Abai.kz