Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2873 0 пікір 12 Наурыз, 2013 сағат 14:12

Экология белсендісін "өлтірген" күдікті ұсталды

Алматы маңындағы Тастыбұлақ ауылында (Қарасай ауданы) қаза тапқан экологиялық белсенді Нұрлан Өтеулиевті өлтірді деген күдікті табылды, деп хабарлады Алматы облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының өкілі Салтанат Әзірбек.

Ақсай балалар ауруханасында шоқ ағаштардың оталуына қарсы шығып жүрген белсенді, "Табиғат" экологиялық қорының мүшесі Өтеулиевтің оқ тиген өлі денесі наурыздың 10-ына қараған түні Тастыбұлақ ауылынан табылған еді.

Әзірбектің айтуына қарағанда, Өтеулиевті өлтірді деген күдікпен оның туысы ұсталған. "Туысы Өтеулиевті араларында ұзақ уақыттан бері келіспеушіліктер болған соң өлтіргенін мойындады. Екеуі бірге бизнес жасап, араларында жиі келіспеушіліктер болып тұрған. Күдікті 9 наурызда оны үйінің жанында өлтіріп, ауыл маңындағы шатқалға апарып тастайды" деді Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: аzattyq.org

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 971
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2483
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 673
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 645