Қазақ футболы бөлінген қаржы азайған сайын дамып келеді
Өткенде кәдімгі калькульятормен отырып есептедім. Қазақстандағы футбол клубына бір жыл бойы Премьер-лигада ойнап шығуы үшін 800 млн теңге жеткілікті екен. Қазір бөлініп жүрген 1.2 млрд-тың өзі көп. Алайда, соның өзінде 7-8 клуб қарызға батқан. Демек, сол аталған клубтардың басшылығы қаржыны дұрыс игере алмаған. Қарапайым менеджменттен қате кетіп отыр. Ең басты шығын - жалақы фонды. Сырттан ортаңқол легионер алып келіп, оларға қомақты жалақы төлеп, премьер-лигадан шығып кету немесе 9-10 орын алу ақталуға себеп емес.
Белорусь футболында биыл заң қабылданды. Футболшы жалақысына шектеу енгізілді. Енді 5000€ артық айлық болмайды. Соның салдарынан олар енді біздің елге ағылып келіп жатыр.
Шығатын түйін, бұл мәселені тағы қопарып, зерттеп, нақты дәлелмен клубтарға бөлінетін қаржыны азайтуды талап ету. Қазақ футболы бөлінген қаржы азайған сайын дамып келе жатқан сияқты эфект қалдырып отыр.
Ермұхамед Мәулен
Abai.kz