Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2123 0 пікір 17 Қаңтар, 2023 сағат 13:49

Универсиада 2023: Алтын медаль қоржында

Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен секіру спортынан АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Васильев қалыпты шаңғымен секіру жарысында жеңіске жетті. Бірінші талпыныста ол 127,2 ұпаймен бірінші орын алса, соңғы айналымда екінші (130,1) болып мәреге жетті.

Екі кезеңнің қосындысында отандасымыз австриялық Максимиллиан Линхерді (251,4) және Тимон Паскаль Кахоферді (248,8) басып озып, 257,3 үздік нәтиже көрсетті.

Басқа қазақстандық спортшылардың нәтижесі мынадай: Сергей Ткаченко – жетінші (220,9), Никита Девяткин – тоғызыншы (216,2), Святослав Назаренко – 20 (147,3), Мағжан Амангелдіұлы – 21 (144,5). Васильевтің медалі Қазақстан үшін биылғы Универсиададағы екінші медаль болды.

Бұған дейін бірінші «алтынды» биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1021
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2562
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677