Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2521 0 пікір 13 Наурыз, 2013 сағат 09:56

Қазпошта қазақ тілін қорлауын дереу тоқтатсын!

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Директорлар кеңесінің төрағасы Серік Ахметовтің,

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің,

Қазпочта» АҚ  Директорлар кеңесінің  төрағасы  Қуандық Бишімбаевтың,

«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Әркен Арыстановтың

назарына!

«Қазпошта» - пошта байланысының ұлттық операторы қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартып отыр. Бас тартып қана қоймай, қазақ тілін Африканы мекендейтін Суахили тайпасының тіліне теңеген. Осындай бейбастақ әрекеті арқылы «Қазпошта» Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін, мемлекет Тәуелсіздігінің бірден бір нышаны болып табылатын қазақ тілін - мемлекет тілді қорлап, мемлекет құрушы ұлт - халықтың 70 пайызын құрайтын қазақ халқының ар-намысын аяққа таптауда.

Айғақ мынау:

«Arystan Patsha»  есімді Твиттер әлеуметтік желісінің қолданушысы осы желідегі «Қазпоштаның» өкілі «Kazpost» қолданушысына қойылған сауалдарға мемлекеттік тілде жауап беруін сұраған. Ал, «Kazpost» болса: «оқырмандардың арасында суахилише сөйлейтіндер бар шығар. Сонда әр твитті аударуымыз керек пе? Біз танымал тілді қолданамыз», - деп жауап берген.

Твиттердегі «Қазпоштаның» өкілі өз атынан емес, «Біз» деп бүкіл «Қазпоштаның» атынан «Оқырмандардың арасында суахилише сөйлейтіндер бар шығар» деп азаматтарды бөлшектеп, қолданыстағы заңдарды бұзғаны былай тұрсын, ұлтаралық араздық тудырып қылмысқа барып отыр.  Мұнымен қоймай «Сонда әр твитті аударуымыз керек пе?» деп шіренеді. 100 пайыз мемлекет иелігіндегі мекеме қызметкері мемлекеттік тілге мұрнын шүйіреді. «Біз танымал тілді қолданамыз» деген «Қазпоштаның» өкілі өзінің шовинистік пиығылын ашық аңғартып, әсіреорысшылдығын әйгілейді.

Мұндай адамның түсінігінде, қазақ халқы әлі күнге бұратана, тайпалық дәрежеде қалып қойған, тілі де сол деңгейдегі ұлт екені соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұр.

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы өз оқырмандарының атынан «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаевтан, «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Әркен Арыстановтан жоғарыдағы «Қазпошта» қызметкерін жұмыстан босатып және оның БАҚ-ы арқылы қазақ халқынан, «Қазпошта» қызметін қолданатын барша азаматтардан кешірім сұрауын талап етеді!

Ал, Бас прокурор Асхат Дауылбаев мырзадан мемлекетті, мемлекеттік тілді және қазақ халқын қорлап, ұлтараздығын тудырған «Қазпошта» өкілін заң алдында жауапқа тартуды сұраймыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415