Сенбі, 23 Қараша 2024
1413 0 пікір 17 Қаңтар, 2023 сағат 14:24

Мәжіліс сайлауына қанша қаржы жұмсалады?

Мәжіліс сайлауына республикалық бюджеттен қаржы әлі қарастырылмаған. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп жазды Ulysmedia.kz.

«Сенат депутаттарының сайлауын өткізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Ал алдағы Мәжіліс  пен мәслихат сайлауларын өткізуге қолданыстағы бюджетте республикалық бюджеттен әзірге қаражат қарастырылмаған. Егер қажеттілік болса, бюджетті нақтылау кезінде  қарастырамыз», - деді министр.

Жамаубаевтың сөзінше, республикалық бюджет  наурыз айында қайта нақтыланбақ.

«Наурыз айында бюджеттің нақтылануын күтіп отырмыз.  Бұған дейін алдындағы сайлаулардың шығындарымен жобалап айтқан едік. Бірақ республикалық бюджетте сайлауға биыл қаражат жоқ. Сайлауды бәрі бір өткізу керек болса, қаражат бөлеміз. Егер нақтылау кезінде үлгермесек, Орталық сайлау комиссиясының тарапынан өтінім беріледі. Біз Үкімет резервінен қарастырамыз»,  –  деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын Мәжілістің әр депутатын сайлауға 426 млн теңге жұмсалатыны айтылған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450