Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2213 1 пікір 19 Қаңтар, 2023 сағат 10:47

Риддердегі ЖЭО-нан өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығынан өрт шықты.

Әлеуметтік желіде Риддер қаласындағы жылу электр орталығы өртеніп жатқандығы туралы видео тарады.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Риддер қаласында жылу электр орталығындағы өрт өшірілді.

«19 қаңтарда сағат 06:54-те «Риддер ЖЭО» АҚ отынмен қамтамасыз ету цехында өрт шыққан. Дәл осы сәтте тілсіз жау ауыздықталды. Өрттен зардап шеккен ешкім жоқ. Жанармаймен қамтамасыз етуді қалпына келтіру жұмыстары басталды», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Риддердегі жылу қазандығынан ақау шығып, қалада төтенше жағдай жарияланды.

Сондай-ақ биылғы 4 қаңтарда Риддер жылу электр орталығындағы стансада тағы да апат болды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 959
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639