Сенбі, 23 Қараша 2024
1493 0 пікір 23 Қаңтар, 2023 сағат 11:50

Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтеді

Түркиядағы президент сайлауы 2023 жылдың 14 мамырында өтеді. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған айтты.

Бұған дейін сайлау осы жылдың маусым айына жоспарланған болатын. Бірақ жаздың алғашқы айында көптеген жұмысшылар мен студенттер демалысқа шығады, 100 мыңнан астам Түркия азаматы қажылыққа аттанбақ. Сондықтан сайлау мерзімі өзгертілген.

Түрік еліндегі кезекті президент сайлауы бұрын-соңды болмаған жұмыссыздық, инфляция, қымбатшылық кезеңіне тап келіп тұр.

Түркия статистика институтының мәліметі бойынша: 2022 жылдың қыркүйек айының соңында елдегі жылдық инфляция 83,45 пайызға жеткен. Бұл 1998 жылдың қыркүйегінен бастап есептегенде елдегі жылдық инфляцияның ең жоғары деңгейі.

Есепте азық-түлік пен алкогольсіз сусындар бағасының жылдық өсуі 93 пайызды құрағаны атап өтілген. Тасымалдау саласындағы бағаның өсуі – 117,66 пайызды құраған. Өткен жылы коммуникация және білім беру салаларындағы бағалар  30,76 пайызға және 36,69 пайызға артқан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379