Сенбі, 23 Қараша 2024
1596 0 пікір 24 Қаңтар, 2023 сағат 12:01

Алматы мен Балқаштың жылыту саласындағы ірі жемқорлық анықталды

«Алматы жылу желілері» ЖШС мен «Балқаш жылу» ЖШС басшылығы ірі жемқорлық фактілерімен күдікке ілініп, тергеліп жатыр. Бұл туралы Антикор хабарлады.

«АлТС» ЖШС бас директоры мен басқа да қызметкерлері 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген айыппен тергелуде.

«Балқаш жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және бас бухгалтері жалақыны артық есептеу жолымен 272 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

«Екі факт бойынша да күдіктілердің кінәсін толық мойындауына байланысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ»,-деп жазды агенттік.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357