Абай облысын өркендетуге қанша қаражат бөлінеді?

Алдағы бес жылда Абай облысын әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға 1,9 триллион теңге бөлінеді. Қаражаттың басым бөлігі – жеке инвестициялар. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
"2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 триллион теңгені құрайды. Соның ішінде республикалық бюджет есебінен 515 миллиард теңге, жергілікті бюджет – 110 миллиард теңге, жеке инвестициялар – 1,3 триллион теңге, сондай-ақ білім инфраструктурасын қолдау қоры арқылы – 22 миллиард теңге қарастырылған", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Ауыл тұрғындары ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі, ал жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жол деңгейі 97%-ті құрайды. Жалпы 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Abai.kz