Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 2714 2 пікір 25 Қаңтар, 2023 сағат 12:55

Бородулиха қашан Ойағаш ауылы болады?..

Құлынды даласын құлданған Ақ патша 1905 жылы Тобықты мен Керейге тиселі өңір Ойағаштың атауын мемлекеттік рестірде «Қарағай» сөзін орысша аударып, кержақтың сөйлеу мәнерімен әдеби «Боровой» емес, «Бородулиха» деп өзгертіп, империя жер-су атауына өзгеріс енгізіп, Ойағаш атауын жойды.

Ішкі Ресейдің қаратопырақсыз өңірінен орыстар, еділ бойынан черемистер (мордва), және малороссиядан украиндарды отбасымен вагонға тиеп, бір сиыр, бір ат, бір мегежін және жер жыртатын соқа саймандарын беріп, Транссібір теміржолы арқылы сол кездегі Томскі генарал губернаторлығына қарайтын Бородулихаға қоныс аударды. Қарашекпенділер жол бойы мал азығымен қамтамасыз етіліп отырды. Келгенде мердігерлер салған үй-жайы дайын тұрды. Және олар 25 жылға дейін салықтан босатылды. Әрі он жылға кейін ғана барып төлейтін пайызсыз несие жан басы санына орайластырып, 500-1000 сомға дейін берліп, қарашекпендер алғашқы капиталымен қазақ жеріне қуана-қуана ағылды. Бұрын Керей мен Тобықты тары екен өзенді өңір жергілікті ұлтпен санаспай оларға тартылып алынып берілді. Осылайша Столыпин реформасы Құлынды даласына этногеноцид жасады. Кедейленген байырғы тұрғындар үйленетіне қызына қалыңмал төлеу үшін Андронов сияқты келімсек байларға жалдануға мәжбүр болды. Қазір бейшара қазақты кенеше сорған байдың атында Андроновка деген шағын елді мекен бар. Айтары жоқ, Патшалық Ресейдің ақшасы өте құнды еді. Мекалай алтын ақшасы қазіргі тілмен айтқанда Батыстың инвестиция салуына түрткі болды. Ресей бүкіл әлемді азық-түлікпен қамтамасыз ете білді. Лениннің «Жаңа экономикалық саясатының» тез нәтиже беруінің себебі де сондықтан. Патша кезінде қазақ қойының бәсі 1 рубль 25 кәпейке болса, өгіз бен жылқы бірі – 17, енді бірі – 25 сом тұрды. Кез келген жан 1 кәпейкеге тойып тамақ ішетін кез еді. Бірақ қазаққа шүйгін жерде мал өсіріп, суармалы егістікпен айналысуға  рұқсат етілмей, қу далаға қоныс аударды. Жер жетпей, мал мен егін салуға мүмкіндігі болмаған әбден кедейленген қазақ шахтаға түсіп, 3-5 тиын үшін күніге 12 сағаттан ұзақ ауыр жұмыс істеуге көшті. Қазақ көшпенді болған мифтен арылу керек. Қазақ егін егетін өңірлердің ұлтымыздан тартылып алынуы 1920 және 1931-1933 жылдардағы аштыққа ұрындырды. Ашаршылықтың басты себебі қазақтың күшпен суырылмалы егістікпен айналысатын жерін тартып алуынан болды. 1905 жылдан бастап, суарылмалы егіспен айналысуына тыйым салынған қазақ таза көшпелі ұлтқа айналды. Ал, олар күшпен көшірілген жердегі өзен-сулар жаз ортасында тартылып қалатын және жауын сирек жауатын өңірлер еді. 25 жыл егіншілікпен айналыспаған қазақ 1920 және 1931-1933 жылдардағы аштықта қырылмағанда кім қырылады.

Ертіс бойына 15 шақырымға дейін жоламау, жолай қалса «потрава» салығын төлеттіру орын алды. Қазақ орыс хуторына кіру үшін 1 шақырым жерден атынан түсіп жаяу баруға міндеттелді. Саябақ сияқты көпшілік жерлерде «ит пен киргизға кіруге болмайды» деген тақтайша түрды.

Қазір 500 жылдық тарихы бар нағыз жергілікті қазақ саналатын жалғыз отбасы Құрманбаев Рамазан ақсақал ғана. Олардың ата қоныстары Сынтас пен Сандықтас «Троицк» және «Луговой» деп өзгертіліп, 1925 шекара бөлгенде бірі қазақ жерінде, бірі РФ кетті. Осылайша Тұғырыл Ханның иелігіндегі болған Ойағаш өңірі, 16 ғасырда Көшім хан империясының құрамында болып келсе, 20 ғасыр басында жергілікті қазақтардан тартылып алынды. Жалпы Ойағаш Қазақ хандығының құрамында болмаған жер. Бұл туралы абыз ақсақал Асанбай Садықов кейінгілер көп дерек бергенімен, архиві жойылып кетті. Тіпті 90 жылдары аудан әкімі болған Сапоровқа дейін кіріп, Бородулиханы «Ойағаш» деп өзгерту ұсынысында жасады.

Енді бір кездегі Столыпин елімізге топырлатқан қазір нағыз жергілікті деп саналатын қарашекпендердің бүгінгі ұрпақтары ауданымызда жоққа тән десек те болады. Сондықтан, өткен ғасырдың 20-30 және 40-50 жылдары, одан кейін де РСФСР-дан келіп қоныстанушылар ештеңке білмейді. Өйткені, оларға дейін қоныстанушылардың басым бөлігі азамат соғысы және Сталиндік қуғын-сүргін жылдары ІІ Дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданында атылып-шабылып, елден мүлдем қуылған болатын. Тірі қалғандары шындықты айтпай көз жұмды. Сондықтан тек Бородулихин деген көпестің жері болған-мыс деген қаңқу сөздер ғана бар.

Біздің мақаламыз сол қаңқу сөздерге тосқауыл болсын деген оймен жазылды. Қазір аудан әкімі Ақметқали Ақашұлы 1925 жылы құрылған Белағаш ауданының тарихын жаңаша көзқараспен бағамдау туралы дұрыс бастама көтеріп отыр. 95 жылдықтың қарсаңында таратылған аудан аты қайтарылып, Бородулиха ауылы өз тарихи атауы «Ойағашты» иеленсе ұлт үшін мерейлі мезет болар еді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379