Мәжіліске қай партия лайық?
Сонымен 2023 жылдың 19 наурызы күні ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлаудың басты ерекшелігі – бір мандатты оркугтерден азаматтардың өзін-өзі ұсыну тәртібі бойынша сайлану құқының қайтарылуы (яғни мажоритарлы жүйе).
Кандидаттарды тіркеу 20 қаңтар күні басталды. Ал ресми үгіт-насихаттың басталуы: 18 ақпан.
Қазір Мәжілістен үмітте 7 саяси партия тіркеуде бар. ҚР Орталық сайлау комиссиясы аталған 7 саяси партияға наурыздағы додаға қасытуға рұқсат берген еді. Олар: «Аманат» партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Қазақстан халықтық партиясы», «ЖСДП», «Республика» партиясы мен «Байтақ» жасылдар партиясы.
Біз «Usbanov arnasy» телеграм арнасында арнайы сауалнама жүргізуді жөн санадық. Сіздің пікіріңізше, жаңа Мәжілістің құрамында қай саяси партиялар болуы керек?
Сауалнама қорытындысы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланатын болады.
Abai.kz