Илья Ильин ауыр атлетика федерациясы басшылығына өзін ұсынды
Белгілі спортшы Илья Ильин Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында ауыр атлетика федерациясындағы мәселелерді көтерді. Ол федерация басшылығына көңілі толмайтынын айтып, қызметті өз қолына алуға дайын екенін білдірді.
"Мен федерацияда спорт менеджері ретінде істегеніме екі жыл болды. Екі жыл бойы командадағы кейбір мәселелерді шешумен айналыстым. Ауыр атлетика федерациясының президентін көрмегенімізге бір жыл болды. Үлкен мәселелер бар. Психологтар керек. Өңірлерге барып, жаттықтырушылармен сөйлесіп, оларға біздің спорттың жойылып кетпеуін түсіндіруге тура келеді»,-деді ол.
Спортшыға жауап берген Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «жүйеде мәселелер бар екенін» мойындап, спортшыға «жеке жолығуды» ұсынды.
Abai.kz